Шұғыл көмек

Қос бүйрегі бірдей семіп, ауыр сырқатқа душар болған дарынды жас күйші-ұстаз Бекзат Мұстафаевтың Белоруссияда ота жасату үшін — өткен жылдың қазан айында сол елге барып, арнайы тексерістен өтіп, донорлық трансплантациялаудың кезегіне тұрып келгені мәлім. Күрделі операцияға қажет қомақты қаржыны табу Бекзатқа оңай болмай тұр.

Осындайда қиналған азаматтарына көмек ұсынатын мемлекеттен қайран жоғы баршаға белгілі. Тағдырға бойұсынып қарап жатуға болмайтынын түсінген Бекзат күйші, бір Аллаға сыйынып, тәуекелге бел байлаған.

Бекзат өз бойындағы бар ерік жігері мен Құдай берген қабілет-қарымын жұмылдырып, бала жасынан жансерігіне айналған қара домбырасына сенім артты. Шапқылап жүріп, өнердегі үлкен-кіші әріптестерінің қолдауымен, 2021 жылдың мамыр айында «Ютуб» арнасы сайтынан онлайн форматында *»Аңсау»* атты концерт берді. Онан әрі әрекеттеніп, құзырлы министрліктерге дейін ұсыныс-тілек хаттармен шықты.

Маусым айында тағы да:*»Мен сені сүйемін, Өмір!»* атты келесі қайырымдылық концертін «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің және жекелеген танымал өнер тұлғаларының, сонымен бірге өзі баулып жүрген таңдаулы шәкірттерінің қатысуымен өткізді. Соңырақ, бұл концерті «АБАЙ TV» телеарнасынан көрсетілді.


Осынау үлкен іс-шараның бәрін Бекзат аптасына үш күн Диализ орталығына барып, жасанды қан тазарту процесін басынан кеше жүріп, кей күндері 200-ге дейін көтерілген қан қысымына төзе жүріп атқарды!.. Осылайша, ол бүйрек ауыстыру операциясына керекті қаржыны табу үшін — шарқұра ізденіп, жанұшыра өнерімен еңбектеніп келеді.
Рас, осы аралықта қаншама мейірімді жандар көмек қолын созып, шамасы жеткенше қайырымдылық көрсетіп келе жатыр.
Енді, міне, Бекзат Мұстафаев бес жылдан бері еңбек етіп жүрген «Аманат» өнер орталығы мен кезінде өзі түлегі болған А. Жұбанов атындағы өнер мектеп-интернаты ұжымдарының кезекті рет қолдап, қолғабыс жасауы арқасында, таяуда Бекзаттың тағы бір қайырымдылық концерті өткізілмек.

Сонымен, күйші-ұстаз, Республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаты — Бекзат Мұстафаевтың *»ӨМІР-ӨЗЕН АҒАДЫ…»* қайырымдылық концерті Алматы қаласында *»дарынды балаларға арналған А.Жұбанов мектеп-интернатының» үлкен концерт залында, 2022 жылдың 27- ақпаны, сағат 15:00-де* өтеді.
Концертті ұйымдастырушы — «Аманат» өнер орталығының жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші СӘУЛЕ ЖАНПЕЙІСОВА және «Аманат» өнер орталығының ұстаздары мен үздік шәкірттері сол кеш сахнасында өнер көрсетеді………………………….РЕКВИЗИТТЕР: МУСТАФАЕВ БЕКЗАТ ДӘУРЕНҰЛЫ KASPI GOLD: 5169497137127480……….. HALYK BANK: 4405639763840350 да

ПІКІР ЖАЗУ