Шабыты тасып, қайнар бұлақтай

8bet_f18Қазақ сатирасының ақсақалы, ақын-сатирик Мыңбай Рəш 1930 жылы қазанның 19- жұлдызында дүниеге келген екен. Тұңғыш туындысы «Алғашқы борозда» деген атпен 1955 жылы жеке жинақ болып жарық көрген. «Лениншіл жас» (бүгінде «Жас Алаш»), «Ара» басылымдарында бөлім меңгерушісі, «Қазақстан» баспасында бас редактор қызметтерін атқарған. Қарымды қаламгердің «Біле қойдым», «Бетің қисық болса…», «Тсс… тісіңнен шығарма», «Мұржа мұрын», «Кері тартқанды бері тарт», өзге де көптеген сықақ кітаптарын жарыққа шығарған. Сондай-ақ, проза жанрында «Жеңіс жолдары» хикаятын, «Мен айтпай сірə, кім айтар», «Жұлдыздар жаңғырығы» естелік жазбаларымен оқырман қауымды риза етті.
Қаламгердің əдеби еңбегі жоғары бағаланып, оған «ҚР еңбек сіңірген мəдениет қызметкері» атағы берілген. «Ерен еңбегі үшін», «Тың жерді игергені үшін» «Қазақстан республикасы тəуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының иегері.
Аталарыңның балаларға арналған шығармалары да бір төбе: «Қиял қанаты» (1964), «Терек пен тікенек» (1978), «Суылдақ» (1989) кітаптары.
Сексеннің сеңгіріне келген қаламгерді мерейлі мерекесімен мыңдаған оқырмандарымыздың атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аталарыңа ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт тілейміз. Жəне өздеріңе арналған бірнеше өлеңдерін тарту етпекпіз.
Редакция ұжымы.

ПІКІР ЖАЗУ