«Семсер астындағы» өмір

23bet_f31Өткен жүзжылдықта АҚШ-тың шығысында табиғат өзінің күш-қайратын екі рет байқатып (1906 жəне 1989 жылдары), болат пен бетоннан да мықты екенін танытты. Бұл екі жер сілкінісі Сан-Франциско қаласының ойран ботқасын шығарғанымен, бұлар қаланы жермен жексен ететін алдағы үлкен апаттың нышана белгісі еді. Бұл Нострадамустың болжамы емес. Шын мəнінде Сан-Францисконың өзі əулие Андреас деп аталатын 650 мильдік алып жер асты жарықшағының үстіне орын тепкен. Дəл сол жерде, Калифорния штатының ауданында алып тынықмұхиттық плита құрылық астына жайымен жылжып барады. 1906 жылдың 18 сəуірінде Сан-Францискода бірінші жер сілкінісі болды. Бұл жер сілкінісі сол кездегі ең гүлденген қаланың астан-кестеңін шығарып бір сілкіп алған. Жер сілкінісі Рихтер шкаласы бойынша 8,3 балға жетіп, ең үлкен ғасыр апатын тудырды. Бұл өзі бір мезгілде отыз атом бомбасынан асып түсетін жарылысқа тең жер сілкінісі еді. Жер асты дүмпуінің алғашқы минуттарында-ақ құлаған үйлер мен өрттің салдарынан сегіз жүз адам ажал тырнағына ілігеді. 1989 жылы 17 қазанның кешінде тілсіз жау қалаға тағы бір соққы берді. Бас-аяғы 15 секундтың ішінде көптеген ғимараттар жермен жексен болып, Марина тарихи ауданы өртке оранды, Бей Бридж көпірі құлап, даңғыл жол-эстакаданың көптеген шақырымы ойқы-шойқы опырылып, жүзден аса адам соның астында опат болды.
Соңғы жер сілкінісінен бері көп уақыт өткенімен, Сан-Францисконың кейбір аудандары əлі қалпына келтірілуде. Ал қала тұрғындары алда болар табиғат апатын үрейге бой жеңдірмей күтуде. «Сан-Франциско хроникл» газетінің репортері Херб Коэн бұл жағдай «Біз дамокл семсерінің астында өмір сүрудеміз» деп бір-ақ түйіндепті.
Дайындаған: К.КӨКТЕМҰЛЫ.

ПІКІР ЖАЗУ