Сауабы Алладан болғай
— Ана, менің қасымда досым бар. Қақпаның сыртында тұр. Үйге кіргізсем ұрыспайсыз ба?
— Құлыным-ау, үйге достарыңды ертіп келсең, неге ұрысайын?! Есік ашық. Дастарқан жаюлы. Тек ол бала сенің үйіңе келетініңді ата-анасына ескертіп пе? Соны білші.
— Ана, ол адам емес. Кішкентай күшік. Балалар жіппен ағашқа мойнынан қылқындыра байлап кетіпті.
Қарны ашып, есінен танып қалыпты.
— Оны қайтесің, балам. Обалы тілсіз жандарды қорлаған адамға болсын.
-А-на, өзіңіз айттыңыз ғой, ит – жеті қазынаның бірі, əрі адамның тілеуін тілейді деп. Итті асыраса, сауап болады деп…