«Самал» би тобы

Алматы қаласындағы Жетісу ауданына қарасты №110-мектеп-гимназиясының «Самал» би тобы бүгінде республикамызға танымал. Осы білім ордасының директоры Абитова Жанар Нұқабайқызы білікті басшы, шебер ұйымдастырушы ретінде осы өнерпаздарға барынша қолдау жасап келеді.

Мектептегі би үйірмесінің жетекшісі Жексембиева Самал Азатжанқызы осы би тобына өзі іріктеу жасап, қабілетті оқушыларды таңдап алып, бірнеше жылдан бері халықтық, ұлттық билерді үйретіп жүр. Биге арналған арнайы залда дайындалатын биші қыздар би үйірмесіне тегін қатысады. Аптасына екі рет жаттығып, дайындалады екен.
«Самал» би тобының бишілері 1-5 сынып аралығындағы талантты қыздар. «Бала шабыт», «Дарындар әлемі», «Ғұмырдария», «Тайжарыс», «Тұмарым» сияқты республикалық байқауларға қатысып, барлығынан жеңімпаз болып, жүлделі орындар алып жүрген қыздардың дайындығына қатысып, билерін тамашалаудың сәті түскеніне қуанамын. Биші қыздардың барлығы ұстаздарының айтқан ақыл-кеңестерін өмірде де, өнерде де жүзеге асырып жүр екен.
№110 мектеп-гимназиясының басшылығы мен педагогикалық ұжымына, оқушыларына риза болып, көтеріңкі көңіл күйде білім ордасынан шықтық. Бұл мектеп-гимназия ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына мол жетістіктер мен жақсы жаңалықтарымен үлес қосып келеді.

Ерасыл Қамшыгер

ПІКІР ЖАЗУ