Салыстырмалылыќ теориясы
Неміс-американ физигі Альберт Эйнштейн 1905 жылы Цюрих университетінде докторлық диссертациясын қорғайды. Сол жылы ол бірнеше шағын ғылыми мақалаларын жариялап, физиканы бүтіндей өзгерткен «Салыстырмалылық теориясы» атты ұлы жаңалығын ашады. Сөйтіп, Исаак Ньютонның (XVII-XVIII ғғ.) ілгеріден келе жатқан аз жылдамдықтағы механикалық денелер туралы теориясына басқа тұрғыдан өзгеріс енгізді. Яғни: Ньютон теориясы физикалық денелердің қозғалысын жердің тартылыс күші мен заттың массасы, инерциясы бойынша түсіндіретін. Ал Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы денелердің гравитациялық тартылысы кеңістік-уақыттық математикалық өлшемдермен сипатталып, алып денелердің айналасындағы кеңістікке əсер-ықпалын түсіндіреді.
Эйнштейннің революциялық бұл теориясы көп өтпей іс жүзінде де дəлелденеді. Астроном ғалымдар 1919 жылы Күн тұтылуы кезінде, Күн шеңберінің тасасындағы жұлдыздарды көргендерін айтады. Осы құбылыс арқылы Күннің гравитациялық алаңында жарық сəулесінің сынатыны анықталады. Ғалымдардың осы құбылысты байқап, бүкіл əлемге таратқаны сол екен, Эйнштейннің атақ-дəрежесі шартарап бойынша шарықтап қоя береді.
1922 жылы Эйнштейнге осы еңбегі үшін физика саласы бойынша Нобель сыйлығы беріледі.