Сәли Сәйдуақасұлы,Балаларға базарлық
Сәли Сәйдуақасұлы, ақын, аудармашы. 1943-жылы ХҚР-ның Тарбағатай аймағынды өмірге келген. 1964-жылы Шынжаң Университетінің қытай тілі және әдебиеті факультетін бітірген. Оқу бітіргеннен зейнетке шыққанға дейін 38 жыл бойы баспа саласында қызмет етті. Үрімжіден шығатын «Шұғыла» көркем әдеби журналдында, онан «Заң аясында» журналында жауапты қызметтер атқарды. Осы кезге дейін оннан аса өлеңдер жинағы жарық көрді. Қытай тілінен көптеген әдеби кітаптар аударды. 1991 жылы бүкіл Қытай Жазушылар одағының, 2013 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды. Қазір Алматы қаласының тұрғыны.
Ала бұзаудың зары
Сүп-сүйкімді денеммен,
Туғанымда енемнен,
Екі күн бе, үш күн бе,
Сары уызға кенелгем.
Қам-қайғы жоқ ойымда,
Әуестенгем ойынға.
Аптадан соң мойыншақ,
Тағылды кеп мойынға.
Шыркөбелек айналдым,
Сүйрелдім де, айдалдым.
Ақыр келіп қазыққа,
Тырыстырып байландым.
Шыбық осып денемді,
Ұқтым зорлық дегенді.
Шал айдайды өріске,
Әр күн таңнан енемді.
Шөп болған соң қорегі,
Енемде оған көнеді.
Мөңіретіп мені ерте,
Үйден ұзай береді.
Ал, қара шал саспайды,
Мені шеше бастайды.
Таяқ сілтеп, тас атып,
Бір жаққа айдап тастайды.
Аш қалсам да сезбейді,
Жамырасам төзбейді.
Сондықтан да шал-кемпір,
Кезек-кезек көздейді.
Жалғыздықты сеземін,
Талай жерді кеземін.
Көрем кеште енемді,
Талғанда әбден өзегім.
Ұмтылсам да сайланып,
Еме алмаймын жайланып.
Енем ий бергенде,
Қалам қайта байланып.
Сүтті көріп көпес боп,
Шал сөйлесе кекештеп,
Кемпірі, енем желінін,
Созғылайды төпештеп.
Соғанда азап шегемін,
Түсінерсің себебін.
Қара кемпір екі уақ,
Толтырады шелегін.
Құсалапнып осымен,
Өлмейтін күн кешірем.
Бұйырмайды бірақ та,
Тиеселі несібем.
Демейді қыс, жұт келед,
Ындындары тіпті ерек.
Шал-кемпірге мен емес,
Ішер айран, сүт керек.
Демейді алда жұт келед,
Талаптары тіпті ерек.
Шал-кемпірге біз емес,
Қазір май мен құрт керек!
Толмайтыным өлшемге,
Беп-белгілі көрсеңдер.
Тоймақ тұрғой осы кез,
Өкінбес-ау, өлсем де?!
Бірақ жанды қимаймын,
Өзімді-өзім қинаймын.
Өтіп кетті осылай,
Ала жаздай күй-жайым.
Көрмесе де бізді жау,
Келіп қалған күз мынау.
Құрыстырып барады,
Өн-бойымды мұз-қырау.
Суық қарып етімді,
Зықымды әбден кетірді.
Кейпім осы көрсеңдер,
Тізген сүйек секілді.
Не амал бар мұндайда,
Батады осы шымбайға.
Шал-кемпірге айтуға,
Мен байқұста тіл қайда?
Еті үйренген мұндайға,
Шал-кемпір сөз тыңдай ма?
Біле алмадым бүрісіп,
Енем байқұс жүр қайда?
Мәйексізбін, қорқақпын,
Келмейді әзір нәр татқым.
Білмей тұрмын осы қыс,
Тулақпын ба, торпақпын?!…
Есқат солай әңгімесін шертеді
Бәрі түгел бір үйдегі жас-кәрі,
Телевизор тағы соғыс бастады.
Паһ, керемет!.. Айэрпұлан, оқ, бомба,
…деп таң қалды, Есқат жеті жастағы.
Сәби сана бар зейінін аударды,
Көріп отыр қала, дала, тауларды.
Сезінетін соғыс болса, батырлар,
Жояды деп қи сыпырып жауларды.
Экраньда самолеттер шүйілген,
Бірде көктен, бірде шығып бүйірден.
Атқылады, талқандады қаланы,
Қалды өліктер таудай болып үйілген.
Паналауға үлгермеді қашқаны,
Самолеттер тағы бомбы тастады.
Жазым болып қала берді төрт бала,
Алды тоғыз, арты екі-үш жастағы.
Шыр-шыр етіп аналары артында,
Келседағы жаны қысып алқымға.
Жете алмады ұл-қызына оқ тиіп,
Ұшып түсті құшақ жайған қалпында.
О, бозінген, ботасы өлген боздашы,
Ет жүректің шер-шеменін қозғашы.
Дегенімше құлады ана үзілмей,
Жанарында ең ақырғы көз жасы.
Құлады ана қармай барып жас талды,
Қара түнек қаптап кетті аспанды.
Жаңа ғана сілекейі шұбырған,
Есқат барып өз анасын бассалды.
Секілденген шағатұғын Аралар,
Жаман неткен самолетпен, аналар…
Енді қайтік, маматай-ай, ана елде,
Қалмадығой аналар мен балалар?!…
Әке, Әке, анықтап бір қарашы,
Көк түтінғой, көк пен жердің арасы.
От боп кетті таулары мен даласы,
Ойран болды көшелері қаласы!…
Түк қалмады кәрі емен мен жас талда,
Талқан болды әнеу биік тас қорған.
Жазда жаңбыр, қар жауатын қыс күні,
Оқ пен бомбы жауып тұрғой аспаннан.
Дір-дір етті шошыған-ау, шамасы,
Аптап жатыр алақанмен мамасы.
Болып кетті желпініс пен қорқыныш,
Екі дүние қас-қағымның арасы.
Қалмады ешкім, өлді бәрі жас-кәрі,
Күллі қала өртке орана бастады.
Жаман екен анау елдің аспаны,
Өзгертші әке, көрейікші басқаны?!..
Неге сүркей бөтен елдің аспаны,
Бар пәлені сол көк аспан бастады.
Өлім екен самолеттің шашқаны,
Ана-бала бәрін қырып тастады.
Ертелі-кеш телевизор ашқанда,
Оңашада достармен бас қосқанда.
Есқат солай әңгімесін шертеді,
Алдыменен қарап алып аспанға!…
(соңы)