Сәлеметсіз бе, «Мөлдір бұлақ»!

Біз №18 негізгі мектебінің 3-сыныбында оқимыз. Біздің сынып өте ұйымшыл, балалар сабақтарын жақсы оқиды. Биылғы 2021 жылға сыныбымызбен түгел «Мөлдір бұлақ» журналына жазылдық. Себебі бізге «Мөлдір бұлақ» журналы қатты ұнайды. Осы басылымның әр санын асыға күтіп, қызыға оқимыз. Сол арқылы көптеген қызықты мағлұматтар алып, таным көкжиегіміз кеңеюде. Сізге алғысымыз шексіз «Мөлдір бұлақ»! Алдағы 2022-жылға тағыда жазыламыз. Сізден көптеген қызықты ақпараттар күтеміз.

Қызылорда облысы,
Арал ауданы,
Ерімбетжаға елдімекені
№18 негізгі мектебі
3-сынып оқушылары

1 comment

  1. Ақниет Құрбанқали 26 Қараша, 2022 at 22:10

    Армысыз, қымбатты «Мөлдір бұлақ» редакциясы! Сізбен жолықтырған биылғы оқу жылы сәтті өтіп жатыр. Қараша айы менің мектебім үшін және замандастарым үшін қымбат ай болды. Жақында ғана «Қазақстан дәуірі» газетінің бас редакторы Сәуле Мешітбайқызы арқылы біз сізбен таныстық. Дәулетбек Байтұрсынұлы ағайдың ақындық өнерімен таныс болдық. Бізге керемет ой келді, сізбен 2023 жылғы күндерімізді бірге өткізіп, қазақ тілінің өркендеуіне бірге атсалысу идеясын дамытсақ дейміз. Біз, «Лингвистер» тобы болып, лингвоэкология мәселесі бойынша ізденіс жүргізудеміз. «Мөлдір бұлақтың» мәтіндеріндегі қазақы сөздік қордың тамаша үйлесімі біздің еліктірді. А.Байтұрсынұлы негізін қалаған «Қазақ» газетінің балалар нұсқасының өзі алдымызда тұрғандай болды. Маңғыстаудағы түпқарағандық М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясынан сәлем жолдаймыз. «Мөлдір бұлағым», өзіңмен ана тілімде жақсы бір сұхбат жүргізуімді Алла нәсіп етсін!

ПІКІР ЖАЗУ