РАҚМЕТ, САҒАН ӘЛІППЕ!

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шалқар ауылында, «Шалқар орта мектебі» КММ 1 «Ә» сынып оқушыларының және мектеп басшылығының, ата-аналардың қатысуымен «Рақмет, саған Әліппе» атты іс-шарамыз өтті. Әріптердің басын құрап оқып қана қоймай, «Алғашқы ұстазым», «Біз бақытты баламыз!», «Біз Отанның бөбегі», «Анашым», «Мен Қазақпын!» сияқты отансүйгіштік пен ұлттық рухты көтеретін тамаша әндерін орындап, «Бауырсақ», «Шын достық» атты көрністері арқылы актерлық өнерлерін де көрсетіп жатты.

Іс-шара барысында үйренгендері мен білгендерін ортаға салуға асығып бар өнерін көрсетіп жатқан ұл қыздардың ән-билері, сұрақтар мен жұмбақтарға жарыса жауап беріп ұшқырлықтары мен алғырлықтарын сынға салып жатқан оқушылардың белсенділігі қатысушы ата-аналарды бір марқайтып тастады. Әліппемен қоштасу шарасының тізгінін ұстаған оқушыларымыз Боранбай Шынар мен Баурбек Айсұлтанның да Сахына тілін меңгере отырып, барынша жауапкершілікпен мұқият дайындығы көрініп тұр. Мерекенің салтанатты сәті әр балаға «Әліппені оқыдым!» дипломын табыстау болды. Әліппемен қоштасу мерекесі – жаңа білімге апаратын жолдың ұмытылмас бастамасы болмақ.
«Әліппемен қоштасу» — дың маңызын арттыра отырып, бар ғылымның қыры мен сырын меңгерудің кілті осы әріптерде екенін, енді ары қарай білім деген үлкен белестер есігін айқара ашып тұрғанын түсіндіруге тырыстық. Енді жас оқырмандарға жаңа әлем, әдебиет әлемі ашылады, оған алғашқы кішкентай қадамдар жасалды. Кітаптар балалардың өмір бойы мейірімді және адал серігі болсын!

Сынып жетекшісі, Берекетова Дамегуль Жусупқызы

ПІКІР ЖАЗУ