Радионы бұзып, ішін көретінмін…

Мен дыбыс режиссері мамандығының қыр-сырын Құрманғазы консерваториясының 3 курсында оқып жүргенде меңгердім. Кейіннен үздік дыбыс маманы ретінде «Хабар» арнасына шақырылып, осы арнаның қалыптасу кезеңдерінде дыбыс режиссері болып бірнеше жылдай жұмыс істедім. Ал бүгінгі күндері Қазақтың Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясында дыбыс техника бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарып жүрмін.
Кейде мамандықты мен емес, мамандық мені таңда-
ған екен-ау деп ойлаймын. Олай дейтін себебім, бала кезімде әкем сатып алып келген, үйдің қабырғасында тұрған радионы бұзып, талқандап ішін ақтарып тастау-
шы едім. Себебі менің қиялымда сол радио қорапшаның ішінде қолдарына музыкалық аспаптарын ұстаған кіш-кентай адамдар жасырынып, ән шырқап тұратындай көрінуші еді. Музыкант әрі дыбыс маманы болып қалып-тассам да сол бір бала күнгі оқиға әлі есімнен кетпейді. Мектепке барғаннан кейін де техникаға жақын болып, сол баяғы катушкалы магнитофондармен дыбыс жазып, үйдің ішінде ақын анам Қанипа Бұғыбаеваның дауысын жазатын едім. Дыбыс режиссері болу үшін адамға жоғары деңгейдегі есту, сезіну қабілеті әрі ұқыптылық, жылдамдық керек дер едім. Себебі адамдарды түрлі-түрлі әсерге бөлейтін дыбыстарды ең алдымен дыбыс режиссері лезде қабылдап, өңдегеннен кейін ол үн эфир арқылы әлемге тарайды. Тіпті үлкен концерттік сахналарда өтіп жатқан әртүрлі концерттердің де шығармашылық үн бояуы мен эстетикалық шешімін дыбыс режиссері сүзгіден өткізеді.

ПІКІР ЖАЗУ