«Qazaqstan dauiri» ұжымының лауреаттары
Маусымның 27-күні Астана қаласы, Ақорда төрінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай бір топ журналистерді қабылдады. Ақордада өткен кездесу өте жоғары деңгейде салтанатты жағдайда өтті. Әне сол күні 50 жылдан аса қазақ баспасөзінде тер төгіп еңбек етіп келе жатқан, айтулы газеттерде айқын қолтаңбасы қалған қазақ баспасөзінің қара нары Ертай Айғалиұлы «Құрмет» орденін алды. Осылайша иесін тапқан «Құрмет» қаламгердің омырауында жарқырады.
Әлемде төртінші билік деп аталатын ақпарат баспасөз бүгінде күшінен тайған жоқ. Ертеректе теле-радио, газет-журнал арқылы ғана көрінетін журналистер бұл күнде әлеуметтік желі, интернет мұхитында еркін жүзіп, мүмкіндіктері артып, құлаштары кеңге жайылды. Әне сол бұқаралық ақпараттың туын желбіретіп, көш басында жүрген үздіктердің еңбегі еленіп, мәртебесі өсіп әспеттелген күн болды. Сол топжарған қаламгерлер арасында «Qazaqstan dauiri» газетінің бас ретакторы, жазушы Ертай Айғалиұлы болғаны бәріміздің қуанышымыз!.. Бұл жолғы мемлекеттік награда иегерлері арасында ардагер журналист, қазыналы қария есебінде Ертай Айғалиұлына бірінші сөз берілді. Лауреаттар мен Президенттің алдында қысқа да, нұсқа ең актвалды Ауыл мен ел, жастар мен баспана, газетіміз 20 жылдан бері жалғастырып келе жатқан «Ауыл аманаты – Ел аманаты» экспедициясы туралы, «Әділетті Қазақстан құру» реформасы жайында сөйлеп, Президентке «Біз сізбен біргеміз!» деді. Осылайша дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселені дәл жеткізген Ертай Айғали көптің құрметіне ие болды.
Дәл 28-маусым Журналистер күні Алматы қаласы әкімдігі үш кісіні қалалық әкімдіктің ғимаратына шақырып алып, мемлекеттік наградалар тапсырды. Солардың бірі «Qazaqstan dauiri» ЖШС-не қарасты балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы еді. Ол Президент жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қала әкімінің орынбасары Шаханов Бейбіт Маратханұлы Президент жарлығын оқып, мемлекеттік награданы тапсырып, омырауларына медаль тақты.
Шілденің 1-күні «Qazaqstan dauiri» ЖШС мекемесінде жиналыс өтіп, мекеменің бас директоры Сәуле Мешітбайқызы Мәдениет және ақпарат Министрлігі жағынан тағайындалған еңбегі сіңген журналистерге берілетін «Ақпарат саласының үздігі» атағын бөлім редакторы Шаргүл Қасымханқызының омырауына тақты.
Осылайша биылғы Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында ұжымнан үш қызметкер марапатталып, мерейіміз өсіп отыр. Бұл қызметкерлерін лайықты бағалап, наградаға ұсынған Сәуле Мешітбайқызының көрегендігі десек, ұсынысты дұрыс қабылдап, еңбегі бар журналистерді елеп-ескеріп арқаландырып отырған, «Qazaqstan dauiri» мен «Мөлдір бұлақ» журналын бағалаған басқарушы биліктің лайықты шешімі болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға, Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева ханымға алғысымызды айтамыз!
«Мөлдір бұлақ» журналы