Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын.
Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.

ПІКІР ЖАЗУ