Пайдалы кеңестер

Сүттің құрамында көптеген пайдалы микро-элементтер, витаминдер,
белоктар бар. Бұл денсаулыққа өте пайдалы. Егер күніне жарты литр сүт өнімін пайдалансаң, сенің ағзаң қажетті қоректі алады. Бірақ, ол табиғи сүт болса ғана. Дүкен сөресіндегі түрлі қоспалармен жасалған сүттің ағзаға пайдасы шамалы. Сиыр сүтінің құрамында А, С, В1, В2, В3, В6, В9, В12 витаминдері және адамның өмірі мен жұмыс қабілетіне өте қажетті, жүрек, бүйрек, бауыр жұмысын жақсартуға әсер ететін аминқышқылды метионин бар.
Сарымсақтың емдік қасиеттері 4000 жылдан бері белгілі. 100 гр сарымсақта 50 ккал бар. Ол бактерияларға, зиянды қосылыстарға, эфирлі майларға, сонымен қатар бос радикалдардың әрекеттерінен қорғайтын тотықтырғыш-тарға бай. Вирусқа қарсы әсері күшті, қатерлі ісік ауруларының пайда болу қаупін азайтады. Тұмаудан сақтайды. Сарымсақ пайдаланудан алыстама.
Сәбіз – нағыз дәрумендер қоймасы. Оны тамаққа аралас-тырып, пісіріп, қуырып жегеннен гөрі құр өзін жеген әлдеқайда пайдалы. Ол ағзадағы улы заттарды сыртқа шығарады және ағзада майдың жиналуын болдырмайды.

ПІКІР ЖАЗУ