Пахлава жасап үйренейік

Құрамы: 350 г сары май; 300 г қаймақ; 4 дана жұмыртқа; 4 стақан ұн; 1 шәй қасық сода; 2,5 стақан қант; 2 стақан грек жаңғағы; 2 ас қасық бал;
Дайындау әдісі: Алдымен қамырын дайындаймыз. Шұңғыл ыдысқа сары майды саламыз. Ұн қосамыз. Қаймақты, жұмыртқаның сарысын, соданы қосып, қамырды илейміз. Дайын болған соң тоңазытқышқа 1 сағатқа қоямыз. Тоңазытылған қамырды 8 бөлікке бөліп, дөңгелетіп тындырып аламыз. Енді қоспаны әзірлейміз. Грек жаңғағын ет турағыштан өткіземіз. Жұмыртқаның ағы мен қантты қосып араластырамыз. Қамырды бір-бірлеп жайып, арасына жаңғақтың қоспасын саламыз. Ең соңында қамырмен бетін жабамыз. Дайын болған соң суреттегідей қиғаштап кесеміз. Жұмыртқаның сарысымен бетін майлап
шығамыз. Үгітілмеген жаңғақпен бетін әрлейміз.
200 градуста қыздырылған пеште 40-50 минутқа қоямыз. Пахлаваның пісуіне 5-10 минут қалғанда пештен шығарып, 50 г сары май мен балды араластырып, бетіне құймалап жағыңыз. Толық піскенше қайтадан қыздырылған пешке салыңыз. Пахлавамыз дайын.
Асыңыз дәмді болсын!

ПІКІР ЖАЗУ