Отаным – ата қоныс, туған өлкем
Сөз жетпейді Қазақстан еліме,
Келген ел-жұрт тамсанады көркіне.
Дәстүр менен тәрбиені ұстанып,
Шығарады қонақтарын төріне.
Ата қоныс туған өлкем отаным,
Кең сахара неткен көркем, құшағың.
Басын қосқан бір арнаға әр ұлттың,
Талай жанға болған мекен бұл сан мың.
Отан деген ыстық болар баршаға,
Осы сөзді айта алмай жүр қаншама!..
Құрметтеймін, қадірлеймін өзіңді,
Бұл дүниеде ақтық демім қалғанша.
Отанымның ұрпағымын бақытты,
Меңгеретін тұлпарымын уақытты.
Талай халық тағдырына налыпты,
Дербестік деп уайымға батыпты.
Жадыра Маратқызы
ШҚО, Аягөз ауданы,
Шынқожа ауылы
«Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»
КММ 11-сынып оқушысы