Отаным — алтын кенім
Өзенім, асқар тауым, шалқар көлім,
Жайлауым, жер жетпейтін шалғын төрім.
Бар ма екен бұл дүниеде саған теңдес,
Отаным, сенсің менің алтын кенім.
Халқы да еңбектеніп, төккен терін,
Қорғаған батырларым дархан жерін.
Кең байтақ даласында күнде думан,
Отаным, сенсің менің алтын кенім!
Шыңғыс АТАЙ,
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылы.