Отан – отбасынан басталады

Патриот болу – әр адамның Отанына деген махаббатынан бастау алады. Өзіңнің кіндік қаның тамып, туып өскен үйіңе, алғаш топырағын басып, суын ішіп, қозы-лақ қуып, балалық шағың өткен ауылыңа, бір нан болса да бөлісіп жеп, құлын-тайдай бірге өскен достарыңа, оңымыз бен солымызды көрсетіп, қанаттығы қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген ата-анаңа, алғаш қолыма қалам ұстатып, басымнан сипап, білім нәрін берген мектептегі ұстаздарыңа деген сыйластықтан, шексіз алғыс білдіруден көрініс табады.

Патриот дегеніміз – өз ұлтын, тілін, діні мен ділін сүйетін, туған тарихы мен ата-бабамыздан жеткен салт-дәстүрін дәріптейтін, өзімен бірге өмір сүрі жатқан адамдарға махаббаты шексіз, өз ұлтының, елінің дамуына барынша үлес қосатын адам. Дегенмен, заманың түлкі болса тазы болға салып, өзінің тілінде сөйлеуге арланып, атақ мен дәреже, юайлық үшін Отанын сатып, өзге елдерде сұлтан болып жүргендер де аз емес. Соларға қарап қынжылып, жүрегім ауырған кезде, Қазақ еліне деген махаббатым арта түседі. Сол себептен шығар, мен өзімді елімнің патриотымын деп санаймын.

Патриот болу – тек қана адамзатқа ғана тән қасиет емес. Жан-жануар, құстардың өзі өзінің мекенін іздеп тұрады. Жылқыларды басқа жерлерге алып келетін болса, олар қашып кетеді, мысықты өз үйінен басқа жерге алып барса, ол даүйіне қайтып келеді, құстар үнемі көктемде өз мекендеріне оралып отырады. Осыған қарап, отансүйгіштік сезімнің ұлы екенін білуге болады.

Біздің еліміз көпұлтты мемлекет болғандықтан, еліміздің дамуы үшін басқа ұлт өкілдері де аянбай еңбек етуде. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ жеріне келіп қоныстануына, қазіргі ұрпақ кінәлы емес, ол өткен тарихтың ізі. Бірақ орыс та, ұйғыр да, неміс те қазақ елінінің құдығынан су ішіп отырғандықтан. Ішкен суына түкірмесі анық. Сондықтан барлық адамзатты бірдей жақсы көруіміз керек. Түптеп келгенде барлығымыз бір Адам атаның ұрпағымыз. Тек қана түріміз бен, тіліміз басқа.
Ойымды қорытындылайтын болсам, патриот болу үшін соғысқа барып ерлік жасаудың қажеті жоқ.

Бауыржан Момышұлы ағамызша айтсам: «Барлық халық пен ұлт – барлық ұлы мен тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуі тиіс». Яғни, еліміздегі ұлтаралық достастық пен бейбітшілік пен келісімнің көрінісі – өз еліңді, жеріңді, сол елде өмір сүріп жатқан адамдар мен жан-жануарларды сүю.

Ары қарай тарихымызды түгендеп, елбасымыздың ерен саясатына үнемі қолдау көрсету. Айналамыздағы барлық Аллаһ жаратқан жаратылысты жақсы көрсек, Аллаһтың назары да біздің елімізге түсері анық. Бір-бірімізді жай ғана жақсы көрсек, барлық жақсы істің бастауы содан басталмақ. Сондықтан жай ғана бір-бірімізді жақсы көрейік, әрбір азақстандықтың тағдыры – біздің тағдырымызбен байланысты деп қарайық. Тағдыр жолымызды бір арнаға түйістіріп, барлық иыншылы пен кедергілерді бірге өтуге шақырамын.

Амина Хамитова, Павлодар қаласы, Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің
8 сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ