Отан менің ыстық ұям!
Мына байтақ дала да, ақ қар жапқан ақ тау да бәрі менің байтақ елімнің байлықтары. Мен осындай керемет табиғат байлықтары бар, тарихын ұмытпайтын елде тұрып жатқаныма қуанамын. Бізде бәрі бар, ата-анамыз қасымызда, білім алып жатқан мектебіміз де бар. Бос уақытымызда айналысатын түрлі спорттық залдар бар.
Осындай жақсылықтардың болғанын ойлап кейде марқаямын. Осының бәрі, әрине бірінші тәуелсіздіктің арқасы деп білемін. Мен әлі жас болсам да, тарихты оқып, түсініп келемін. Кейде білмеген сұрақтарымды анама қоямын. Анам арқылы да бәріне көз жеткізіп, өзіме терең ой түйемін. Иә, бізге тәуелсіздік оңайлықпен келмеген екен. Тәуелсіз ел болу жолында көптеген аға, әпкелеріміз өз жанын аямапты. 1986 жылдың оқиғасы туралы анам айтып берген болатын. Сол оқиғаны тыңдап отырғанда елін сүйген ұлдар мен қыздардың ерен ерлігі көз алдымнан тізбектеліп өтті.
Ұлы отан соғысы да қаншама қазақ аза-маттарының өмірін жалмаған. Отанын сүйген қазақтар өз еркімен соғысқа аттаныпты. Ал ауылда тек балалар мен аналар ғана қалған екен.
Қаншама қиындықты көрген қазақ еліміз бүгін де жақсылықтарға бастап келеді. Тәуелсіздік туын көтеріп Н.Ә.Назарбаев еліміздің дамуы үшін тынбай еңбек етіп, тер төкті. Астана қа-ласы да ел ордасы болып бой көтерді. Елбасының кемел саясаты, білімділігінің, ел сүйгіштігінің арқасында елімізді әлем таныды. Өзге елден елімнің табиғаты мен сұлулығын тамашалауға көптеген саяхатшылар келуде. Мен еліммен мақтанамын.
Еліміздің мықты дарынды, спортпен айналыса-тын ұлдары мен қыздары да осы тәуелсіздіктің арқасында әлемге танылып, чемпион болып келеді. Туымыз биікте қалықтап, әнұранымыз асқақтауда. Көптеген балабақшалар мен мектептер қазақ тілінде білім беріп жатыр. Тіпті балаларға арналған «Балапан» телеарнасы да тек қазақ тілінде хабар таратады. Керемет биік, көз тартатын зәулім-зәулім ғимараттар да еліміздің ажарын одан әрі нұрландырады. Осының бәрі еліміз тәуелсіз, егемен болғандықтан деп ойлаймын. Өзге елдің құрамында, боданында болсақ күйіміздің қандай болатынын да елестетудің өзі тым қорқынышты.
Мен өз елімді мақтан етемін. Елімді сүйемін. Оқып білім алып, отаныма адал қызмет атқарғым келеді. Ата-бабаларымыздың қанымен, маңдай тер еңбегімен келген тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
Нұрсұлтан Егоров, Д.Бабаев атындағы
№115 жалпы білім беретін
мектеп, КММ-нің
3 «Ә» сынып оқушысы
Мұғалімі: Баян Диканбаева