Өркенді елдің өзегі — достық
Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған кеш әл-Фараби атындағы №145 мектепте өтті. «Татулық, достықтың киелі бесігі — мейірбан Ұлы Отан қазақ даласы» деп аталатын кешке Қазақстанда еңбек етіп келе жатқан түрік бауырластарымыз арнайы шақырылды.
«Қазақстан-ZAMAN» ЖШС бас директоры Ахмет Аляз, «Шахлан» мектебі директорының орынбасары Дұрмыш Қоржы, Сүлеймен Демирел университеті халықпен байланыс бөлімінің бастығы Энес Құртай Чығ қатысты.
«Қазақстан-ZAMAN» халық-аралық газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы, Мөлдір бұлақ” журналының бас редакторы Ж.Кучукова қатысып, Тәуелсіздік жылдарына байланысты толғаныстарын оқушыларға әңгімелеп берді. Мектеп басшысы Н.Нұрадинов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Тілеболдинова қорытындылады. Кешті бастауыш сыныптың мұғалімі Ұлман Досайқызы ұйымдастырды. Ұстаздық жолы қырық жылға жуықтаған Ұлман апайдың әр сабағы осындай әсерлі өтетінін шәкірттері мақтанышпен атайды.
(Өз тілшімізден).