«Онжылдықта ойдағымыз орындалады»

10bet_f23Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқына жолдаған биылғы Жолдауында осылай деп сендірді. Кезекті жолдау «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталады.
Балалар, Елбасының Жолдауын білім алып жатқан мектепте ұстаздармен бірлесіп, өздерің де талқылап жатқан боларсыңдар деп ойлаймыз.
Нұрсұлтан Әбішұлы:
— Мен бүгін Парламент отырысында Халыққа жолдау жасадым. Бұл – тарихи Жолдау. Бұл құжатта біздің 2020 жылға дейінгі даму жолымыз толық қамтылған, — деді өзінің кіріспе сөзінде. – Құжатта әлеуметтік ахуалды жақсарту мәселесі де айтылған. Жолдау арқылы халқымыздың береке-бірлігі одан да нығая түседі деп сенемін.
— Иә, балалар, Жолдауда алдағы он жылда атқарылатын іс-шаралар түгел аталып көрсетілді. Соның ішінде біз сендердің назарларыңа Жолдаудың Білім беруге қатысты тұсын жариялап отырмыз.
2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар – бұл мемлекеттік мекемелерге балама.
Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған “Балапан” арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын.
2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек.
Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жоо-лар әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек.
2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс.

ПІКІР ЖАЗУ