Өнерлі ұстаз, талантты шәкірт

Болашақтың кілті – білімді, өнерлі ұрпақта. Балалар — біздің қуанышымыз, үмітіміз, болашағымыз. Шәкірт қабілетін ашу – ұлы өнер. Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл-қыз тәрбиелеу негізгі мақсатымыз. Баламен жұмыс істеу қажырлы еңбекті, сабырлық пен шыдамдылықты талап ететін жұмыс. Оның ішінде өнер саласында шәкірт тәрбиелеу, баланың бойындағы талантын ашып, жанарындағы отын сөндіріп алмау екі есе жауапкершілікті талап етеді. Әрбір ұстаз шәкірт тәрбиелеу мәселесіне жан-жақты көңіл бөлсе, жеткіншектердің бойындағы қабілеттері жарқырай ашылары анық.  Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып өн айту олардың музыкалық қабілетін, ырғақ, есте сақтау қабілеттерін қалыптастырумен катар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам-сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.

Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып, ән айту музыкалық аспапты ұстау, оны шеберлікпен меңгеру, педагогикалық, психологиялық дайындық, әдістемелік шеберлік, жаңа технологиялар енгізу өте қажет дегім келеді. 30 жылдық еңбек өтілімде көптеген талантты шәкірттерді қанаттандырып ұшырдым. Әл-Фараби атындағы төс белгі,»Үздік ұстаз» төсбелгісінің иегері атандым.

25 қараша мен 1 желтоқсан күндері аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі әмірлігінің бірі Дубай қаласында ҚР Дубай қаласындағы және Солтүстік әмірліктердегі Бас консулдығының қолдауымен Халықаралық музыкалық байқау өтті.  «Тайжарыс-Талант» ҚҚ өткізген «ONER KERUENY — DUBAI» Халықаралық музыкалық байқауына қатысып, елінің даңқын асқақтатқан талантты шәкірттеріміз жүлделі орындарға ие болды. Шәкіртім Еренбай Кәусәр осы байқауға қатысып  жүлделі 1-орын иеленді.  Халықаралық музыкалық байқауында Кәусәр Сүгірдің термесін орындады. Алматыдан, Астанадан, Дубайдан қатысқан 20-дан аса домбырашылар топтарының ішінен І орынға ие болдық.
Нәтижелі жетістіктері үшін ҚР Дубай қаласындағы Бас консулы Алмаз Тасболат мырза жүлдегер оқушыларымызды Диплом және медальдармен, жетекшісін Алғыс Хатымен марапаттады.

Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру мұғалімнің міндеті. Ол үшін дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі, жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы, ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы, оқушымен жиі қарым-қатынаста болуы сияқты талаптарды орындайды. Бүгінгі мектептің алдына қойып отырғаны жеткіншек ұрпаққа мәдени, еңбек, адамгершілік жане эстетикалық тәрбие берудің сапасын арттыру. Оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені халықтың ұлттық мәдени мұрасын байланыстыра отырып айтарлықтай жақсарту. Әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын горбиелеу, өнер шығармаларын сүйіп, туған табиғаттын, оның байлығын қастерлеуге, бағалай білуre қабілеттерін қалыптастыру.

Жұмабекова Ұрхия Ерғабылқызы, педагог-зерттеуші, жырау, термеші.

 

ПІКІР ЖАЗУ