Өнерлі бала – өрелі бала

Әрбір ата-ана баласын заманға сай жан-жақты, өнерлі етіп өсіргісі келеді. Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіріп, олардың қоғамдық көзқарасының дұрыс қалыптасуында эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Бұл ретте жас ұрпақтың өскен ортасын дұрыс таңдауы, адамдарға сүйіспеншілікпен қарауы, жалпы адамгершілік асыл қасиеттерін бойына сіңіруінде өнердің, музыканың да алатын орны ерекше. Ұлттық құндылықтармен, өнердің бұлағынан сусындап өскен ұрпағымыз музыка мен өнер әлемінде үлкен тұлға болып қалыптасып, ұлағатты ұрпақ болмақ.

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет те. Сондықтан да жанұяның әрбір мүшесінің қоғамда өз орны бар. Ғ.Мустафинның «Ата — ананың міндеті — тәрбиелеу және жақсылықты үйрету» деген сөзінде көп тәрбие жатыр.

Батырхан Айсель, 6 жас

Батырхан Елмұра, 11 жас

Батырхан Елтаир, 9 жас

Астана қаласында тұратын Батырхан әулеті – өрелі, өнерлі ұл-қыз тәрбиелеп отырған мерейлі отбасының бірі. Тұңғыштары Елмұра Батырхан 2011 жылы мамыр айының 8-інде дүниеге келді. Астана қаласы әкімдігінің Ілияс Есенберлин атындағы №67 мектеп гимназиясының 7 сынып оқушысы. «Өркен» студиясы, спорт және өнер-білім орталығында сурет уйірмесіне қатысады. Ұлдары Батырхан Елтаир 9 жаста. № 67 мектеп гимназиясының 3 сынып оқушысы. Ол да «Өркен» студиясы, спорт және өнер-білім орталығында сурет үйірмесіне қатысады. Айсел 6 жаста №1 балалар музыкалық мектебі даярлық сыныбында флейта аспабында ойнайды. Ұстазы Шамиль Серікболұлы. Би үйірмесіне қатысады. Отбасының кішкентайы Айбибі 4 жаста. № 65 «Бал-бала» балабақшасында хореография және құммен сурет салуға машықтанады.

Батырхан Айбибі, 4 жас

Батырхан Елмұра, 11 жас

Батырхан Айсель, 6 жас

— Тұңғышымыз Елмұраның өнерге жақындығы бала кезінен байқалды. Мектепке барып жүрсе де, қосымша студиядан өнерін дамытуға шешім қабылдадық. Мектепте сабақ үлгерімі өте жақсы, қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. Мектепішілік олимпиадалардан жүлделі орындар алып, бізді әрдайым қуантып қояды. Біз де өз тарапымыздан ата-ана ретінде балаларымызға қолдау білдіреміз. Балаларымыздың кішкене күнінен түрлі қосымша үйірмеге беруын қарастырдық. Қазіргі уақытта балаларымыз әртүрлі жарыстарға қатысып, жүлделі 1, 2, 3-орындар алып жүр, — дейді анасы Гүлзат.
«Өнерлінің өрісі кең» демекші, Әділхан отбасында өнерге құштар балалар өсіп келеді. «Сегіз қырлы, бір сырлы болу» оларға ешқашан көптік етпейді. Ата-анасы да өз кезегінде балаларының бос уақытын тиімді пайдаланып, олардың жасынан оқуға, өнер үйренуге күш жұмсауда. Жас жеткіншектің интеллектуалды дамып, кәсіби бағдарлануына да мектептен тыс білім беру жүйесінің тигізер үлесі ерекше. Қосымша үйірмеге қатысу арқылы бала белгілі бір өнерді үйреніп, білімді меңгеріп қана қоймай, қоғаммен тікелей араласауға мүмкіндік алады. Қатарластары арасында өзіне деген сенімділігі артады.

Егемен елімізде тату, өнерлі, білімге құштар отбасылар қатары көп болсын. Мектеп білімімен шектелмей, қосымша өнер, білім іздеген жас толқынның көбейіп келе жатқаны қуантады.

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА

ПІКІР ЖАЗУ