Өнегелі отбасы, өнерлі перзенттер
Жас отбасы Нұрғали Мұратұлы өз ортасына белгілі өнегелі жанұя. Қоғамдағы қызметіне де, отбасындағы жұбайы мен перзенттеріне де көңіл бөліп жүретін көркем мінезді отағасы. Жұбайы Әсел отбасының тірлігін, бала тәрбиесін қалт жібермей қадағалап атқарады. Ынтымақтары жарасқан ыстық ұя.
Ұлдары Мұрат Нұрасыл Нұрғалиұлы 13 жаста. Алматы қаласында дүниеге келген. Қазір Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицейде 8 «Г» сыныпта оқиды. Сабағы озат, тәртібі тамаша. Түркістан Аренасында Дзюдо спортымен айналысады. Екінші ұлдары Мұрат Нұрали Нұрғалиұлы 11 жаста. Алматы қаласында туған. Қазір Түркістан қаласы №33 жалпы білім беретін мектепте 6 «Г» сыныпта оқиды. Олда ағасы секілді алға ұмтылып жақсы оқып жүр. Түркістан Аренасында Дзюдо спортымен және жүзумен айналысады.
Қыздары Мұрат Кәусар Нұрғалиқызы 8 жаста. Қаладағы №28 мектеп-лицейде 2 «Ә» сыныпта оқиды. Ол да Түркістан Аренасында көркем гимнастикамен айналысады. Білімге де құштар, өнерге де ұмтылатын ұл-қыздар ата-ананың мақтанышы.
Отбасында тағыда әлі мектепке бармаған кішкентай ұл бар. Олда «Арбаның алдынғы дөңгелегі қайда жүрсе, соңғы дөңгелегі солай домалайды» деп, аға-тәтелеріне еліктеп талпынып жүр.
Айгерім Есімхан, «Мөлдір бұлақ»