Он жетінші мектеп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылғандай, 2025 жылға дейін елімізде 800 мыңға жуық баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасалады. Ол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Еліміздің әр өңірінде ұлттық жоба аясында заманауи мектептер ашылуда. Бұл апатты және үш ауысымды мектептердің де проблемасын шешуге көмектеседі.

Жуырда Астанада он жетінші жаңа мектеп ашылды. Қасым Қайсенов көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан жаңа оқу орны «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Мектеп оқушылардың ыңғайлылығы үшін қажет нәрсенің бәрімен жабдықталған. Бұл елорда үшін абсолютті рекорд болып саналады.
ҚР Президенті «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада жаңа үлгідегі 10 мектеп салынып, есігін айқара ашты. Осы ұлттық жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Осы мектептердің өзі екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.
Жыл соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, тағы 4 мектептің үш ауысымды оқыту проблемасы, сол сияқты тығыздылығы жоғары 3 мектептің қиындығы шешілетін болады.

«Біз сондай-ақ алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына жеке инвестициялар да тартамыз», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Жаңа үлгідегі мектептер 2025 жылдың соңына дейін қалаларда да, шалғай елді мекендерде де салынады. Құрылысқа отандық өндірістегі материалдар қолданылады.
Мектептерді жобалау Қазақстанның қолданыстағы нормаларына, ҚР Үкіметі бекіткен техникалық тапсырмалары мен білім беру ұйымдарын салудағы озық халықаралық тәжірибеге негізделеді. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы.
Жаңа үлгідегі мектептер салу үшін жер телімдерін бөлу, инженерлік жүйелерін жүргізу, педагогтермен қамту және уақытында құрылысын аяқтау сынды тапсырмалар міндеттелді. Осы арқылы үш ауысымды, апатты, ескірген мектептер санын жою көзделген.

Махсұтхан Мағжан,
Астана қаласы,
№96 мектеп гимназиясы
11 «А» сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ