Оқуға құштар мектеп
Қазір қоғамдағы ең өзекті тақырып, ғылыми техникалық жаңалықтардың өмірімізге еніп, кітап оқудың азайып бара жатқаны. Осы бағытта мектептер мен кітапханаларда әртүрлі жобалар іске асырылуда.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында әр дүйсенбі мектебімізде жаппай кітап оқу сағаты ұйымдастырылған. Онда біз кітап оқу сағатында оқыған кітабымыздың мазмұнын дәптерімізге жазып, ойымызды қорытамыз.
Өзім осы жоба аясында, 25 қазан – Республика күніне орай өткен «Республикам менің» челенджіне, сынып жетекшісі Гүлім Нүркенқызы мен мектеп кітапханашысы Бақшагүл Талғатқызымен бірге қатысып, «Мазмұндама» қоғамдық қорының «Алғыс хатына» ие болдым.
Мектебімізде кітап оқуды насихаттау бағытында бұдан да басқа іс-шаралар өтіп тұрады. Мысалы: қаңтар айында 7-8 сынып оқушылары арасында «Кітап оқып, оқуға құштар боламыз» атты жаппай кітап оқу жарысы өтті. Әр кезеңде белгілі бір кітапты оқып, нақты мәліметтерді еске сақтап, берілген кітаптан құралған тест сұрақтарына жауап берді. Осындай шаралар арқылы оқушылардың білімі толысып, зейіні тұрақтанады.
Мектептердің әр мұғалімі, әр кітапханашысы осындай жобаларды қолдаса, оқушылардың кітапқа деген көзқарасы өзгеріп, ойлау, есте сақтау қабілеті жақсарар еді. Әр кітаптың оқиғасы, жанры, адамның жанына азық болып, рухани байытары сөзсіз. Және ешқандай жаңа технология қолға алып, парақтап, көзбен оқитын кітапты алмастыра алмайды.
Мұхамбедия Мерей,
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
4 «Ғ» сынып оқушысы