Ой жарыстыратын заман
Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.
Әзілхан Нұршайықов
Адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек.
әл-Фараби
Адамдарды мақтансүйгіш ет, өркөкіректік оларды ақымақ етеді, сол кезде сен оларды бағындырасың…
Шыңғыс хан
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп көлдің ағасы бол!
Төле би
Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ, — деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас.
Мұхтар Әуезов
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген — ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген — дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Әйтеке би
Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.
Әйтеке би
Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.
Мұхтар Әуезов
Қазір бой жарыстыратын заман емес, Ой жарыстыратын заман.
Нұрсұлтан Назарбаев
Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбайұлы
Құт берекең — атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат, Асқар тауың — әкең қымбат.
Қазыбек би
Өкпелеме, өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр!
Бауыржан Момышұлы
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов
Ер жігіт өнер табар ерте қуса…
Дүниенің қайғысынан зарланбаса.
Көз қысып күлгеніне алданбаса,
Қақ жарар қара қылды тура бөліп,
Айтылған сөз жайынан жалғанбаса.
Өсектен ат-тонымен алыс қашса,
Естісе, ұялғаннан бетін басса,
Жамандық — аты өшкірге жақын жүрмей,
Аяғын күндік жерден байқап басса!
Мағжан Жұмабаев
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,
Бір білімді данышпан жан табалық.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ақыл айтар мезгілде мың жасаған шалдай бол,
Қатал болар мезгілде шатырлаған жайдай бол.
Мейірім түсер мезгілде ағарып атқан таңдай бол,
Жауды бөгер кезіңде көлденең жатқан ордай бол.
Бауыржан Момышұлы
Уайымшыл адамның алды тұйық жармен тең,
Жетесі жаман бозбала тоқсандағы шалмен тең.
Жақсының айтқан ақылы қазулы сара жолмен тең,
Жаманға айтқан ақылың ағып кеткен селмен тең.
Шал ақын
Ұлды ұлша тәрбиелесең ұл болады,
Құлша тәрбиелесең құл болады.
Ахмет Байтұрсынұлы
Балаңа ғылым үйрет жас күнінде,
Досыңа жақындама мас күнінде.
Халқыңа қайырылар деп насихат айтпа,
Ел бұзық, ерегескен, қас күнінде.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адам өмірі қамшының сабындай ғана қысқа екен,
Досы көп, ұрпақ тәрбиелегендер ғана ұтады екен.
Қорқыт ата