Нашақорлықтан сақтан!
Бір күні атам,
Былай деді маған:
— Нашақорлықтан сақтан!
Ақылым бұл айтқан саған.
Тыңдап ал мені, балам,
Ол нәрсе өте жаман.
Шырқырайды қазіргі заман,
Сақтансаң, боларсың аман.
Кіші – үлкенді сыйламай
Бұл заман неткен ылаң-ай!
Жастар жүр жайнап,
Нашақорлықпен ойнап,
Қатерді сезбей, естерін білмей,
Жүреді бәрін менсінбей,
Есің болса, балам, сақтаншы.
Жамандықтан аулақ болсаңшы,
Өміріңді бұзба, жаным,
Айтарым осы, шырақтарым!
Ақнұр ЖАНБОЛАТ.
Тараз қаласы.