Мұқағали — мәңгілік жыр

Ғасыр ақыны – Мұқағали ағамыздың туған күні ақпан айында өтіп кетті. Солай бола тұра, мектептерде ақынға арналған шараларды өткізу жалғасуда. Бұлай дейтініміз, оқырман жолдаған хаттар легін ашқанда, әрбір оныншы хаттың тақырыбы Мұқағали аталарына арналады. Топтастыра айтсақ, жас талапкерлердің ақын аталарына арнау-жырлары, өлеңдер легі десек, енді  бірі мектепте өткен шараларды баяндайды. Хаттарды іріктей отырып, бірнеше жанрдағы дүниелерді жариялап отырмыз.
Мұқағали шығармала-рындағы кейіпкерді қолөнерде сомдаған Әлем Ақылбеков.
Мұқағали өлеңдері тақырыбы — қылқалам туындыларында. Суреттерді салған: Ә.Иманалиева, М.Оспаналы, Ж.Сәрсенбек, Ж.Көбен.
 № 28 орта мектеп.
Алматы облысы.

Алатау ауданындағы №26 орта мектепте «Мұқағалидың мұрасы – халық қазынасы» атты әдеби-сазды кеш өткен. Кештің ерекшелігі – ақын шығармалары негізінде сахналық көріністер қойылды. Мұқағали шығармаларын оқушылар жатқа айтып қана қоймай, жас ақындар өздерінің арнау өлеңдерін оқыды. Ақынның өмірі көпшілікке  слайд арқылы таныстырылды.
Кешті Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ІІІ-курс студенті Елдер Қасабеков ұйымдастырды.
Алматы қаласы.
                          

Абай атындағы мектеп оқушылары Мұқағалидың «Ұрпақтарға береміз кезекті» деген өлеңі негізінде кеш өткізді. Кеште өнерге қанат қаққан өрендер Мұқағали өлеңінің сөзіне жазылған өлеңдерді шырқады. «Бақыт – сенің бала күндерің»… Ақын аталарының әнін шырқап, өлеңін оқыған балалар, Мұқағали аманатын орындағандай өзін бақытты сезінді.
Қаскелең қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ