Мөлдіреген «Мөлдір бұлақ»
Қысқа өмірде біз де босқа жүрмелік,
Тіл шіркін де қалар бір күн күрмеліп.
Парасатты «Мөлдір бұлақ» журналы
Тебірентер тиек берді тілге ерік.
Сан білімді ұрпақ үшін саралап,
Сусындатып ой қосатын, бағалап.
Тамсанамыз замананың талабын
Сырлы жұмбақ – сенен оқып не ғажап!
Ахмет Аляз сабыры мол, алымды,
Жанастан қыз салиқалы, жалынды.
Қашан барсақ иман жүзді Кеңес ұл
Инабатты қарсы алады адамды.
Міне, осындай жақсы басшы мекені,
Ұрпақтардың ұясы бұл киелі.
Мың-сан жас оқырманның алғысын
Мыңнан бірін айшықтадым келелі.
Нығметолла
ОРАЗБАЙҰЛЫ, зейнеткер.
Іле ауданы, Түймебаев ауылы.