«Мөлдір бұлақты» асыға күтеміз

Жоғары интеллектілікке бағытталған, жас оқырмандарға арналған түрлі қызықты материалдар, сөзжұмбақтар, оқушылар шығармашылықтары, өлеңдері мен салған суреттері, ғибратты әңгімелерін оқып, танысып, білу мақсатында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы №4 жалпы білім беретін орта мектебінің 2 «Ә» сынып оқушылары «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналына 2024 жылға жазылдық.

Қапатай Ұлпан Ерзатқызы, 2«Ә» сынып оқушысы халықаралық,  Республикалық байқаулар иегері

Қапатай Ұлпан Ерзатқызы, 2«Ә» сынып оқушысы халықаралық, Республикалық байқаулар иегері

Куанышбек  Айару Нұржанқызы2 «Ә» сынып оқушысы

Куанышбек Айару Нұржанқызы 2 «Ә» сынып оқушысы


Біздің сынып оқушылары оқуға құштар, ізденімпаз, білуге құмар. Арамызда өнерге жақын жас қаламгерлеріміз, қыл қалам шеберлеріміз де бар.
Сондай-ақ түрлі додалардан оза шауып келіп жатқан шәкірттерімізде көп. Атап айтатын болсақ, Ақберен республикалық «Абай оқулары» конкурсынан сыныбымыздағы оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

Асқарқызы Раяна 2 «Ә» сынып оқушысы

Асқарқызы Раяна 2 «Ә» сынып оқушысы


2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» ХVII республикалық математикалық бірінші кезеңі (мектепшілік кезеңінен) Қапатай Ұлпан 1- орын, Асқарқызы Раяна 2- орын, Қуанышбек Айару 3-орын иегерлері атанды .

 Сайлаубекқызы Айсұлу 2 «Ә» сынып оқушысы

Сайлаубекқызы Айсұлу 2 «Ә» сынып оқушысы


«Бастау» ХVII республикалық математикалық екінші кезеңі (қалалық кезеңінен) Қапатай Ұлпан 1- орын иеленіп, облыстық кезеңге өтті.
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» ХVII республикалық математикалық үшінші кезеңінен «Математикалық бәйге» номинациясын жеңіп алды.
Сыныбымызда спорт бағытында да сайыстарға қатысып жүлделі орындар алып жүргендер бар. Дзюдо күресінен Асқарбек Данияр қалалық жарыстардан жүлделі 3-орын алды. Қасымхан Заңғар гир тасын көтеру жарыстарына қатысады.

Оқит Әлиқан 2 «Ә» сынып оқушысы

Оқит Әлиқан 2 «Ә» сынып оқушысы


Еліміздің бас қаласы Астана қаласынан Халықаралық «Шабыт» көпжанрлы өнер байқауында «көркем сөз» оқудан жүлделі ІІ орын. Халықаралық «ALASH STAR» байқауынан «актерлік шеберлік» І орын иегері атанған Қапатай Ұлпанды айтып өтуге болады. Оқушыларымыздың арасында сурет өнеріне де қызығушылық танытып жүргендер бар.
Осы оқушыларымыздың қызығушылығын, өнерін әрқашан қолдап жүрген, ата-аналарымызда әрдайым мектептің қоғамдық жұмыстарына етене кірісіп,көмектерін, қолдауларын көрсетуде. Балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналы оқушылардың танымдық, ақпараттық көзіне айналып. Әрдайым қызығушылықпен оқып, танысып, журналды ай сайын күтіп, қызығушылықпен оқитынына сенімдіміз.

 

Маған ұнайтын мезгіл
(эссе)

Менің ең жақсы көретін жыл мезгілім – көктем. Бұл мезгіл суық қыстан кейінгі келген ашық аспанымен, гүлденген даласымен табиғаттың жаңаруымен қатты ұнайды. Көктемде тағы күн ұзарып, құстар қайтып оралады, жануарлар мен жәндіктер қысқы ұйқыларынан оянады. Көктем мезгілінде мерекелер өте көп, көктемдегі алғашқы мереке – аналар күні. Одан соң жер дүниенің жаңару күні “Әз-Наурыз”, ғарышкерлер күні және бейбітшілік мейрамы.
Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, ағаштар, гүлдер егеміз. Сонымен қатар көркем, шуақты далада шаттана ойнаймыз. Көктем мезгілі маған осы ерекшеліктерімен ұнайды. Менің ойымша көктем – ең көркем, ең әдемі мезгіл.

Далелханқызы Ақнұр,
2 «Ә» сынып оқушысы

 

Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы «№4 жалпы
білім беретін орта мектебі» КММ

Сынып жетекшісі:
Енсеева Жанар Мажитқызы

ПІКІР ЖАЗУ