Мөлдір бұлақ – біздің досымыз

«Мөлдір бұлақ» журналы – балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ тіліндегі әдеби танымдық басылым. Ол балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда, олардың білімдерін арттыруда және әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту мақсатында шығарылған. Журналда түрлі жанрдағы шығармалар, танымдық мақалалар, қызықты ойындар мен суреттер жарияланады. Оқырмандарға қазақ мәдениеті мен дәстүрлері, табиғаттың сұлулығы, достық пен отбасылық құндылықтар туралы ақпараттар беріледі. «Мөлдір бұлақ» балалардың рухани әлемін байытуға және олардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі.

Осындай құндылықтарды сипаттай отырып, оқушылардың еңбекқорлығын, шығармашылықтарын және командалық жұмысқа қабілеттерін көрсету мақсатында Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, №30 Жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Смайлова Жеңіскүл Абайқызының ұйымдастырушылық еңбегі зор. Оқушылардың әртүрлі жанрларда әдеби шығармаларды, танымдық мақалаларды, эсселерді, түрлі материалдарын 2017 жылдан бері «Мөлдір бұлақ» журналына жариялап келеді. Журналдың «Мен оқыған керемет кітап», «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты республикалық шығармашылық бәйгесіне қатысқан оқушылар мен ұстаздарға, кітапханашыға марапаттар берілді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ тілінде әдебиетке қызығушылықты арттыру мақсатында 2020 жылы «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Саят Қамшыгер ақынмен мектебіміздің жас тілшілерімен қашықтықта кездесу өтті. 2020 жылы әлеументтік желіде басылымның ұйымдастыруымен өткізген «Кітап оқып, үйде бол» атты эстафетаға қатысып өздері оқыған кітаптары туралы айтып берді. Сонымен қатар журнал оқырмандары «Ұлы жеңіс күнімен» құттықтап, өздерінің жүрек жарды ой толғауларын жолдады. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жас жеткіншектер осы журналдан өздеріне қажетті ребус, қызықты мақалалармен танысып, қызығушылықтары арта түсуде.


Қазан айының 18 жұлдызында журналдың бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы бастаған топ «Ауыл аманаты – Ел аманаты» экспедициясы Ұлытау облысы, Жаңаарқа өңірін, Қаражал, Жәйрем кенті №30 Жалпы білім беретін мектебіне келіп, мектеп директорымен жүздесіп, кітапханашы апайдың ұйымдастыруымен «Мөлдір бұлақ» журналының оқырмандарымен, жас тілшілерімен кездесіп, оқырман жетістіктерін тамашалап, балалардың жарық көрген шығар-маларын архивке сақтап қойғанына дән риза болып, өз ризашылығын білдірді. Кездесу соңында қолтаңба қойылған «Өлместің суы бар ма?», «Төлеген оқыған хат», «Өткел» атты кітабымен журналдарды жас оқырмандарға тарту етіп, естелік суретке түсті.
Оқушылар «Мөлдір бұлақ» журналы арқылы өздерінің шығармашылықтарын дамытып, бірнеше жылдан бері қарым-қатынас жалғасын тауып келеді. Жас жеткіншек буынның таланты ашылып, журнал оқитын оқырман саны арта түсуде. Осы орайда мектебіміздегі шығармашылықпен айналысатын оқушыларды жинап сұқбат өткіздік. Олардың суретін «Мөлдір бұлаққа» жолдап отырмыз.

Мұздыбаева Гулнара Хасенқызы,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ПІКІР ЖАЗУ