Мөлдір бұлақ

Баяғы өткен заманда бір лашықта жас жігіт өмір сүріпті. Ол жер жыртып, егін салып, соны өсірумен күнін өткізіпті. Ол күндегі әдетінше еңбек етіп жатқанда, күшті дауыл соғып, еккен егінін ұшырып кетеді. Бірақ ол оған өкінбей, тағы еңбектенеді. Дегенімен, оның егіні өспейді. Содан көңілі мұқалып, қайғырып отырып ұйықтап кетеді. Ұйқысында түс көреді. Түсінде бір ақсақал оған: «Қарағым, егінің өсуі үшін суғарып жүрген суыңның басына бар» — дейді. Ол оянғаннан кейін тау жаққа  жүреді, судың бастауын табады. Судың бастауында бір үлкен  тас тұр екен. Ол жалма-жан тасты аударып, оның астында үйіліп жатқан құмды аршып, суды тазартады. Тазартқаннан кейін, дем алып отырғанда, су атқылап, мөп-мөлдір болып ағады. Жігіт қуанғаннан оның атын «Мөлдір бұлақ» деп қояды. Сол сумен егінін суарып, бақытты өмір сүреді.  

Лейла ӘЛИАСҚАРОВА.
Алматы облысы,
Райымбек ауданы,
Талас ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ