Мерекеңізбен, ұстазым!
«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды.
Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек. Жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адам ол менің алғашқы ұстазым Момбекова Айкен Тоқтасынқызы.
Шынында, күнделікті өмірде адам кімнің кім екенін де ескере де бермейді. Қарбаласқа толы тіршілік оны ойлап ескеруге де, елеуге де дес бермейді, көңіл бөлінбейді. Сондай жақсы жанның бірі менің алғашқы ұстазым – Момбекова Айкен Тоқтасынқызы. Бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған, үлгілі ұстаз Айкен апайдың да көктемі мен жазы, қыруар күзі жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған. «Ұстазым менің ұстазым, өзіңмен өткен қыс, жазым» деген ыстық махаббат осындай ұлағатты ұстазға арналса керек. Мерекеңізбен ұстазым! «Мектептің жүрегі» «Бала жанының бағбаны» Көп жылғы еңбегіңіздің жемісі мен жеңісін көріңіз. Өзі білім берген көптеген шәкірттері бұл күнде еліміздің әр түкпірінде еңбек етіп, ел құрметіне бөленуде. Оқушылары жоғары оқу орындарын үздік бітіріп, әр түрлі салада еңбектенуде. Еңбегің жанды деген осы емес пе?! Өнегелі де ардақты жан Айкен апайымыз – үлгілі отбасының күн шуағы. Білім беру саласында 26 жыл тынбай еңбек еткен жайдары да жайсаң ұстазға ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат пен амандық, еңбегі бағаланып, еңбегінің жемісін көргенін тілеймін.
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып.
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп.
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың.
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
Мерекеңізбен аяулы ұстазым!
Балтабай Айша Бахтиярқызы,
Жібек жолы мектеп-лицейі 3 «а» сынып оқушысы
Сынып жетекшісі: Момбекова Айкен Тоқтасынқызы
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы.