Мерейі үстем болғай!
«Мөлдір бұлақ» журналының оқырмандарын 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан он жыл бұрын жарыққа шыққан бұл журнал ақпарат әлемінде өз қолтаңбасы бар, оқырманы мол басылымдар қатарына қосылды.
Қазақ жері мен елінің тарихы мен тағдырын, өткені мен келешегін екшеп, ұлт перзентіне тән жүрекпен сөйлейтін «Мөлдір бұлақтың» бүгінде оқырмандарының қатары ұлғайып келеді. Журнал ұжымы оқырманның қалауын дөп басатын дүниелерді жариялап, баспасөз нарығындағы бәсекелестікке қабілетті екенін танытуымен ерекшеленуде.
Мерейлі мерекеде басылымның ұжымы мен оқырмандардың, ата-аналардың мерейі үстем болғай! Халқымыздың жүрегіне көктем нұрындай болып құйылар өнегелі, тағылымды, әр баланың жанына күн нұрындай шуақ болып төгілер сөздеріңізбен төрге оза беріңіздер деген тілегімді білдіремін.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С. ДЬЯЧЕНКО.