МЕНІҢ СҮЙІКТІ КЕЙІПКЕРІМ
Балалар әдебиетінің алып бәйтерегі – Бердікбек Соқпақбаев атамыз көптеген шығармалар жазды. Ол балалар мен жасөспірімдерге арнап жиырмадан аса туынды қалдырды. Жазушының шоқтығы биік еңбегінің бірі – «Он алты жасар чемпион» повесі.
Менің сүйікті кейіпкерім, сол хикаяттағы Мұрат Батырбеков. Бұл шығармаларда жазушы өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді. Ол туралы Ермек Сабырбайқызы «Бердібек Соқпақбаев шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері» мақаласында Бердібек Соқпақбаев туындыдағы көркем бейненің кілең ұнамды сипаттардан тұрмайтынын, өмірдің өзі сияқты оның да табиғаты күрделі екенін көрсететін, әрқилы сәттерде сынап-талдап, оның да өзіндік бітім-болмысы бар адам – азамат екенін жазған.
Иә, менің сүйікті кейіпкерім – Мұрат Батырбеков. Ол бокстан әлем чемпионы болды. Ол басын зорға көтеретін, шешініп отырғанда қарасаң, қабырғалары мен төс шеміршектері терісіне ғана жабысып тыржыйып тұратын еді. Қандай киім кисе де иығы салбырап түсіп кететін. Бірақ, ол өзін басқа балалардан кем санамайтын еді. Мұрат сегіз жасынан бастап боксқа қызықты. Оның жаттықтырушысы – Николай Трофимович. Оны жаттықтырушысы күнде жаттығуда ауыр болса да, айқаста сондай жеңіл болады деп тәрбиелейтін. Ол он жасынан бастап неше түрлі жарыстарға бара бастады. Сол уақытта Мұрат шаршап қалады. Онымен бокста жүрген Садық деген бала болды. Ол Мұраттың жетістігін көре алмай, аяқтан шалуға тырысатын. Бірақ, ол намысын қолынан бермеді. Оны жігерлендіріп, қайраттандырып отыратын жатықтырушысын тыңдады.
Арада бес жыл өтеді Мұрат әлем чемпионы атанады. Ол шетелдік Джексон атты жігітпен боксқа шығады. Мұрат өзінің берілмес намысына сеніп, шаршағанына қарамай, тынбай жаттығу жасауының нәтижесінде осындай жеңіске жетті. Оған себепші болған жаттықтырушысы – Н. Трофимович еді. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деген осы да.
Жазып та көрдім мен де өлең,
Жазып та көрдім, қара сөз.
Ерте ме, кеш пе, мен де өлем,
Өлмейді, тек, дана сөз, – деп, Бердібек Соқпақбаев атамыз айтып кеткендей, оның шығармалары мәңгілік өлмейді.
Әлібек Еңлік Әділбекқызы,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№ 47 орта мектебінің 8«А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Сұлтанаева Рахимаш Төленқызы