Менің Отаным

Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан – менің Отаным. Елімнің табиғаты әдемі, жері – бай. Қазақстанда жануарлар, өсімдіктер мен құстар көп. Ең ірі өзендері: Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс, Есіл.  Менің кішкентай Отаным – Шамалған. Ол Қарасай ауданында орналасқан.  Менің Шамалғанымның адамдары мейірімді және кішіпейіл, мен оларды сүйемін. Достарым өте көп. Олар: Полина, Айгерім, Венера, Злата, Светлана.
Адамда бір Ана және бір Отан бар. Қазақ халқы «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», «Гүл жерінде ғана – гүл, адам өз Отанында ғана – адам» — деген мақалдарды бекер айтпаған.
 Анастасия
ПШЕНИЧНАЯ.
Алматы облысы,
Шамалған бекеті.

ПІКІР ЖАЗУ