Менің анам мейірімді

Менің анамның есімі Мадина. Ол өте мейірімді, ақылды. Мамыр айының 12-і «Аналар күні» екен. Осы күні мен анамды құшақтап, жақсы көретінімді айттым. Ол да мені жақсы көретінін үнемі айтады. Мектептен келгенде мен анама көмектесуге тырысамын. Бөлмені, ойыншықтарымды жинаймын.  Ана – гүл сияқты әдемі, нәзік. Өскенде анама әдемі заттар сыйлаймын. Дүкенге апарып өзі қалаған заттарын сыйлаймын. Тәрбиелі, жақсы қыз болып өсіп анама көмектесемін.

Абай Айзере Жанарбекқызы, Ж.Жабаев атындағы №6 орта мектептің 3-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ