Мен қандай баламын?

26bet_f28

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылындағы № 3 орта мектептің 1 "А" сынып оқушылары (жетекшілері Мінәсіп Аманқұлова) "Мөлдір бұлақ" журналының достары.

Адамгершілігі мол бала қандай бала? Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін, елгезек, әркез достарына қол ұшын созатын оқушы. Біз досым Дарын екеуміз әрқашан апайлардың айтқанын қалт жібермей ұғып, мұқият тыңдаймыз. Сыныбымызға көмектесуге дайын тұрамыз. Өйткені,  бізге ата-анамыз, ұстаздарымыз, тәрбиешілеріміз солай үйреткен. Кез-келген адам білімді болуы мүмкін, тек оны дұрыс мақсатқа жұмсап, елімізге қызмет еткіміз келеді. Оқушылардың жаман әдеттерден аулақ болғаны жөн деп ойлаймын. Нашар қылықтарға үйір болсаң, жақын адамдарыңның көңіліне қаяу түсіресің. Қазіргі таңдағы оқушылар алдына айқын мақсат қойған, әдепті, әділетті, жат қылықтардан аулақ, терең білімді болу керек. Менің достарым сондай оқушылар.

Аят БОЛАТОВ.

Ақтөбе қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ