Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің символы

Қазақстан – тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Елімізде 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Бұл мереке ел үшін ерекше маңызға ие, ол Қазақстанның егемендігі, бостандығы үшін күрескен жандарға құрмет болып саналады. Осы айтулы күннің құрметіне Астана қаласының мәдениет, білім, спорт мекемелері жыл сайын қала тұрғындарына арнап іс-шара ұйымдастырады.

 

Бұл күндері елорданың білім беру ұйымдарында «Тәуелсіздік күніне арналған» онкүндік, кітап-иллюстрациялық көрмесі, тарихи танымдық және тәрбие сағаттары, оқушылар арасындағы жарыстар, дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар, компьютерлік графика бойынша жарыстар және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Былтыр Елордада Тәуелсіздік күніне орай түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар өтті. Патриоттық әндер, өлеңдер, суреттер байқауы, «Аstana open» ашық республикалық турнир өтті. «Алжир» мұражай-мемориалдық кешені «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Астана мемлекеттік архивінде «Тәуелсіздік жолында» архивтік құжаттарының көрмесі өтті.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Астана қаласында Мемлекеттік Рәміздерімізге ерекше құрметпен қарау дәстүрге айналған. Мемлекеттік рәміздер — еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Яғни қазіргі таңда ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің нағыз өзекті мәселелері экономика, саясат, қорғаныс саласымен емес, керісінше, ұлттың басты құндылығы болып табылатын ұлттық нышандармен тығыз байланысты. Мемлекеттік рәміздердің жас жеткіншіктердің патриоттық сезімдерін қалыптастырудағы алатын орны ерекше.

Патриот болу үшін керемет батырлық таныту міндетті емес. Ең бірінші, патриот адам өзінің отбасын, жақындарын жақсы көретін адам, екіншіден, өзі өмір сүретін қоғамның құндылықтарын сыйлайтын және үшіншіден өзінің мемлекетінің заңдарын сыйлап, өмір сүретін азамат. Ал мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау конституция талабы. Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тәрбиелеу арқылы, мемлекетке құрметпен қарауды үйретеміз.

Мемлекетін жақсы көретін азамат өз отандастарына қарсы қылмыс жасап, өз мемлекетінің байлықтарын тонауы мүмкін емес шығар. Мемлекет үшін патриоттарды тәрбиелеу қажеттілік. Ол ұғым тек Отан қорғауға ғана байланысты емес. Ол кеңірек ұғым.
Кез келген мемлекет азаматтарымен мықты. Мемлекетті құрайтын азаматтар. Азаматтық — тұлғаның мемлекетпен саяси-құқықтық байланысы. Бұл байланыс жүзеге аспаса, халық жәй ғана тобырға айналады. Ал санасыз тобыр қауіпті. Сананың төмендеуіне мәдениет деңгейінің төмендеуі, ал оған білім дәрежесінің әлсіреуі тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, мемлекет пен азаматтар арасындағы идентификациялық байланысты қалыптастыру ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды шарттарының бірі.
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Астанада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық шаралары өтеді. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

Елімізде қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
— Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу – әрбір қазақстандық азаматтың борышы.

— Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды. Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: Ту, Елтаңба, Гимн.
— Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

— Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаң-басында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.
— Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері ретінде туы, елтаңбасы және әнұраны жатқызылады. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бөлігі болып есептеледі, елдің рухани дамуына, идеалдық-адамгершілік мәдениетіне және тәуелсіз идеясының дамуына әкеледі. Мемлекеттік рәміздерді өзінің Отанына қызмет етуге, ізгілікке, тарихты құрметтеуге және халықтың дәстүрлерін сақтауына бағытталған. Елтаңбамыз, Әнұранымыз, көк Байрағымыз бұл Қазақстанның атын барлық дүниежүзіне танытатын елдік белгі ретінде танимын.

Көк байрағымыз көкте желбіреп, Әнұранымыз асқақтап, төрімізде қасқайып Елтаңбамыз жарқырап тұрса кім біздің елдігімізге шүбә келтіре алады. Қаншама сайыс, жарыстарда суырылып алға шыққанда өзгенің сағын сындырып, мысын басатын да осы бір құдіреті күшті рәміздеріміз.

Мемлекеттік рәміздер — мемлекетіміздің негізгі құрамдас бір бөлігі. Алтын күн мен қыран бейнеленген көк Туымыз, барша қазақстандықтардың шаңырағы ретінде бейнеленген Елтаңбамыз бізді бүкіл әлемге тәуелсіз Қазақстан ретінде танытты. Еліміздің қарыштап дамуына өз үлесін қосты.
Ұрпағына «Туың жығылмасын» деп бата берген қазақ үшін көтерілген байрақ ерлік пен елдіктің, бірліктің белгісі. Алмағайып күн туғанда, ұлы бабалар дабыл қағып, Ту көтерген. Елім деген ерлер, қашанда Ту түбіне жиналған. Жауға тойтарыс берген. Қуанышта да осылай болған. Көк байрақ көтерілген жерден мерекенің мерейі үстем болған.

Тәуелсіздігімізді қадірлеп, Мемлекеттік рәміздерге құрметтің қалыптасуы ұлттық идентификацияның жүзеге асуының белгісі. Көк байрағымыз қасиеті мен қадірін жоғалтпағай!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болып, Көк туымыз асқақтап, еліміздің іргесі беки берсін!

 

Г.Тұрлыбекова

ПІКІР ЖАЗУ