Мектеп медиациясы – татулық кілті

Рухани келісім күніне орай «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинеті «zoom» тұғырнамасында мектеп медиациясын дамытуға бағытталған «Разговор на языке сердец» тақырыбында тейбл-ток өткізді.
Тейбл-токқа СҚО ҚХА хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ бөлімдері, кәсіби медиаторлар, «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ, мектеп медиациясы үйірмелерінің жетекшілері, педагог-психологтер, М. Қозыбаев атындағы СҚУ магистранттары және т.б. қатысты. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, жанжалдар мен қақтығыстарға мораторий жасауға, жақынға мейірімділік пен көмек көрсетуге арналды. Іс-шараның мақсаты медиация кабинеттерін ашу және мектептегі татуластыру қызметін дамыту үшін оқу-әдістемелік негіз дайындау болып табылады.
Мектепте балалар мен ересектердің жарты күндік уақыты өтеді. Мебептегі кейбір жайттар жанжалдарға әкелуі мүмкін. Жанжалдар бірнеше минутттық қарапайым даулардан күрделі проблемаларға дейін әртүрлі болуы ғажап емес. Кейде үшінші тарапсыз даудың шешімі шығуы екіталай. Мұндай қысыл-таяң сәтте мектеп медиациясы үйірмелерінің мүшелері көмекке келеді. Дәл осы мәселе тейбл-токтың басты тақырыбы болды. «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің басшысы, з.ғ.к. Г.Н. Мұсабаева қатысушыларды өңірдегі медиацияның даму тарихымен таныстырды. Ол мектепте өзіндік татуластыру қызметін құру өте маңызды мәселе екенін атап өтті. Г.Н. Мұсабаеваның айтуынша, 2017 жылдан бастап мектептер осы жұмысты жүргізіп келеді. Білім бөлімінің әдіскері Г.Қ. Ақмағамбетова қазіргі уақытта бұйрық негізінде барлық мектептерде қазан айынан бастап үйірме жұмыстары басталғанына және құнды болып табылатын «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің тәжірибесіне қатысушылардың назарын аударды.
«Содружество» Солтүстік Қазақстан медиация және құқық орталығы» ҚБ Г.А. Пехотина өз сөзінде кез келген қателік немесе өзгешелікті сақтамау медиация идеясын толығымен бұрмалануға алып келуі мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан медиация принциптерін сақтау маңызды. Әсіресе тыңдау әдісін толықтай қолданған дұрыс. Тейбл-токта Петропавл қ. «9 ОМ» КММ педагог-психологі Т.В. Попова мектептегі татуластыру үйірмесінің үш жылдық жетекшілік тәжірибесімен бөлісті.
Қазіргі уақытта медиация мәселесі күн сайын өзекті болып отырғаны жасырын емес. Осыған орай, «М. Жұмабаев атындағы ЖК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ педагог-психологі С.К. Уаисованың 7-9 сынып оқушылары арасында үйірме жұмысын ұйымдастыруда қызығушылық тудырып отыр. Ол жыл бойы медиация кабинетінің іс-шараларына қатысып, қазіргі уақытта мол тәжірибе жинағанының арқасында, үйірме жұмысына жетекшілік етуде. С.Уаисова мектепте медиацияны неден бастау керектігі туралы сұраққа кеңінен тоқталып өтті. Оның бөліскен ойы әріптестерінің қызығушылығын тудырды. Кездесуді «М. Жұмабаев атындағы ЖК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің» 8 сынып оқушысы Хамзина Мерей аяқтады. Ол өткен жылы «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің мектеп медиациясы бойынша бірқатар іс-шараларына, тренингтеріне, конференцияларына қатысып, барынша белсенділік танытқан болатын. Қазіргі уақытта мектеп негізінде жаңадан құрылған үйірменің белсенді мүшесі болып табылады.
Шараға қатысушылардың айтуынша, бүгінде қоғамда жанжалдарға әкелетін мәселелер жеткілікті. Мектеп медиациясы бойынша үйірмелердегі сабақтар оқушыларға медиацияны дұрыс жүргізу техникасын үйрететініне сенім бар. Көп жағдайда мектеп медиаторлары ішінара туындаған мәселелерді шешуге қауқарлы. Сондықтан медиация кабинеті мен білім бөлімі осы бағытта белсенді ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр. Алда оқу-әдістемелік материалдар жасау, оқу құралдарын шығару және бірлескен іс-шаралар өткізу жөніндегі жоспарлар жеткілікті.

Мөлдір Дарханбаева

ПІКІР ЖАЗУ