Мектебіміздің мақтанышы
М. Әуезов атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Түйеші (Ғани) Жазылбек үш жылдан бері бокспен айналысып келеді. Бапкері – Руслан Әмірханұлы. Осы аз уақыт аралығында ол Жамбыл, Шымкент, Алматы облыстарында өткен жарыстарға қатысты. Алматы қаласында Елбасы Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен ХІІ-халықаралық жасөспірімдер турнирінде күміс медальді олжалап, былғары қолғап шебері атанды және спорт шеберіне үміткер дәрежесіне жетті.
Мектебіміздің мақтанышына айналған Түйеші (Ғани) Жазылбектің бұдан да биік белестері алда деп сенеміз.
Нариман БЕКМАХАНБЕТ,
Ринат РАҚЫМЖАН.
Жамбыл облысы,
Талас ауданы,
Қаратау қаласы.