Мейірімнің мерейлі істері
Менің биылғы сыныбымда 21 оқушы бар. Олардың арасында Мейірім Қисановты ерекше атап айтқым келеді. Мейірім кішкентай кезінен бастап Атырау облысында шығатын «Алтын орда» газетіндегі бәйгеге қатысып, «Сүйкімді сәби» атанып, ойыншық және дипломға ие болды. Қолына қалам ұстатып, алғаш әріпті үйреткен ұстазы Гүлсім Төлеш Сәлиқызы. Ата-анасынан дарыған шығармашылық қабілеті Мейірімнің көптеген жетістіктерге жетуіне жетеледі. Мектепте де көптеген қоғамдық жұмыстарға, түрлі мәдени шараларға қатысады.Өздігінен ізденеді, көркем әдеби кітаптарды, республикалық балаларға арналған журналдарды көп оқиды. Белгілі ақын-жазушылардың әңгімелерін, өлеңдерін оқып, олардан қажеттілерін алып, жадында сақтауға тырысады. Сүйіп оқитын журналы – «Мөлдір бұлақ». Жыл сайын бәйгеге қатысып, қоржынына сыйлықтар мен алғыс хаттарды салып үлгерді. Ақтөбе «Дарын» ғылыми орталығынан шыққан «Шығармашылық қобдиша», «Өлеңмен өрілген ой» кітабында мақалалары мен өлеңдері жарық көрді.
Сынып жетекшісі:
Венера ТҰРАРҚЫЗЫ.
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы.