Мейірім бұлағы (әңгіме)

Көктем келді. Қыс бойы ақ көрпесін жамылып, ұйқыда жатқан табиғат-ана нұрын сеуіп, көңілге шаттық сыйлайды. Осындай тамаша күннің бірінде, біз атамның ауылына қонаққа бардық. Мен бұл күнді көп күттім. Әкешім «ауылға Атаңа барамыз» — деп айтқалы біраз болып еді. Күнделікті күйбен тірліктен қолы босай қоймаушы еді. Міне, бүгін көптен күткен тілегім орындалды.
Жұрт көктемгі егіске қамдана бастаған. Атамның балта-балғасы қолынан түспей, күрек саймандарын жөндеумен жүр екен. Бізді көре сала күлімсірей ілгері жүрді. Мен атамның алдынан шығып, амандаса салып, құшақтай алдым. Өз-өзімді ұстай алмай жылап жібердім.
– Ата, Ата, мен сіздерді сағындым. Әкешім жұмыстан өмірі қолы босамайды, – деп, әкемді жазғыра бастадым. Атам менің шекемнен иіскеп,
– Құлыншағым, келдің бе? – деді, — Қызым, сен есейіп, бой жетіпсің. Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар- барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді. Иә, құнды қасиеттерге адамды баулу – туған кезден басталса керек. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналардың орны зор. Ата-анаң сендер үшін бәріне дайын. Адал еңбекпен тапқан нан тәтті болады. Ы. Алтынсариннің «Атымтай жомарт» әңгімесін білесің бе?
– Иә, ата, – дедім.
– Сонда Атымтай жомарт айтты дейді: Оның төрт түрлi себебі бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне-бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi. Сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып, мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем, сол тамақ болып бойыма тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: Құдай тағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi. Міне, менің де ұлым осы сөзді башылыққа алып тәрбиеленді – деді атам.
Содан соң «жүр, құлыным, менің саған сыйлығым бар» – деді. Атам мені жетелей қораға алып келді. Мен қорадан кіп-кішкентай, ертегілердегідей әппақ құлынды көрдім. Атам: «Ботам, мынау сенің құлының» – деді. Мен құлыншақты құшақтай алдым. Өзі қандай сұлу, әдемі, әппақ, ақылды. Ризашылық – мейірімділік бұлағы. Мен атама қатты риза болдым.
Бірнеше күннен соң, құлыншағым екеуміз бір-бірімізге қатты бауыр басып алдық. Мен құлыныма «Құлыншақ» деп ат қойдым. Құлыншақты мен күніге таңертең сүтпен тамақтандырамын, екеуміз бірге ойнаймыз, тұлпарларша жарысып шабамыз. Ол күннен-күнге өсе бастады.
Біз қайтар сәтте туды. Мен құлыншағыммен қимай қоштастым. Біз жол жүргелі жатқанда, атам бізге батасын берді. Бата – адамға рухани күш береді, көңілге медеу, жүрекке сенім ұялатады.

Бауыржан Әдемі, Тараз қаласы
№47 мектеп 5 «Д» сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ