Математика елінде
Баяғы бір заманда «Математика» есімді хан өмір сүріпті. Оның төрт баласы бар екен. Мыңдаған уәзірлері, жүз мыңдаған халқы болыпты. Ең үлкен «Бөлу» деген баласы қарапайым халыққа өз жерінен, мал-мүлкінен, азық-түлігінен әрдайым бөліп беріп отырған. Одан кейінгі «Көбейту» деген баласы мал санын көбейтіп, егіншілікпен айналасып, халыққа беретін үлесін жыл сайын еселеп көбейтуді жолға қойған. Ортаншысы «Қосу» ел мен елді табыстырып, халықты бірлікке шақырып, достастырып, араздасқанды татуластыруды міндетіне алған. Ауыл-ауылдың арасын қосып, адамдарының бір-бірімен жақын араласуына жол салатын ақылды бала. Кенже әрі ерке баласы «Азайту» ұрыс-керістің азаюына, дау-жанжалды болдырмау үшін тырысқан. Қайткен күнде адамдардың арасындағы араздықты азайтып, бақытты ғұмыр кешуге алтын көпір салған. Хан ақылды ұлдарынан Амал, Теңдеу, Таблица, Аудан деген немерелерін сүйіпті. Осылайша «Математика» хан «Есеп» атты бәйбішесімен бақытты ғұмыр кешіп келеді.
Елнұр ДАУЛЕТҚАЛИЕВА,
Ақтөбе облысы, Кемерши ауылы.
Cуреттерді салған Айдана ИМАНБЕКОВА.