Мәшһүр Жүсіпке арнау
Алдыма өлең жаз деп қағаз келген,
Алла маған өнерді көп қып берген.
Санамызда мәңгілік орын алар,
Түспейді ешқашан да тағың төрден.
Санасы мен ойы тең сан қиялды,
Болжамды естеліктер көп жиналды.
Болжап кеткен болашақты түгелімен,
Бұл ақын өмірінде көп қиналды.
Шарықтатып ойларын көкке самғап,
Жоқ болды, өз өмірін бізге арнап.
Иманы уақытынан басып озып,
Уақыт өтті қаншама ұшып заулап.
Мол мұраны жинадың жастарға арнап,
Қарсы болды артыңнан жауың зарлап.
Ұрпаққа дара жолды көрсетіпсіз,
Ертеңді болжағансыз, күнін қамдап.
Мейрамбек Бекланұлы,
Жамбыл облысы,
Байзақ ауданы,
Ақшолақ орта мектебі
11-сынып оқушысы
Жетекшісі:
Елубекова Индира