Мәнерлеп сырғанаудың серкесі

d182d0b5d0bd2Денис Тен 1993 жылы Алматыда туған, жеке разрядтағы мәнерлеп сырғанаушы. Қазақстанның 2006 жылғы чемпионы, жастар арасындағы 2008 – 2009 жылдардағы халықаралық жарыстарға қатысушы. Үстіміздегі жылы Ванкувер олимпиадасында Денис 11-орынмен күштілер қатарынан көрінді.
Ол «Здоровье» тобында мәнерлеп сырғанау үйірмесінде және сонымен бірге музыкалық мектепте хорда ән салып жүреді. 2002 жылы Денис ән айтатын ұжым Пусандағы (Оңтүстік Корея) хор олимпиада-сына қатысып, күміс медальді жеңіп алады. d182d0b5d0bd1Кейін оның алдында екі таңдау тұрады: музыка немесе мәнерлеп сырғанау. Денис екіншісін таңдайды. Оның алғашқы жаттықтырушысы Айгүл Қуанышева, 2003 жылы «Хрусталь ат» турниріне қатысып, сонда оны танымал жаттықтырушы Елена Буянова Мәскеуге шақырады. Ол 2006 жылы 12 жасында үлкендер арасындағы республикалық біріншілікке қатысып, алтын медальді олжалайды. Сөйтіп ол халықаралық турнирлерге жол ашқанымен, жастық шектеуге орай, келесі жылы, яғни, 2007 жылдан бастап қатыса бастайды.
2008 – 2009 жылдың науқанында Тен Белорусиядағы турнирде Гран-приге көтерілсе, Франциядағы жарыста төртінші орынға ілігіп, финалға жолдама алады.
Денис 2009 жылғы жастар арасындағы әлем біріншілігінде өткен жылғы көрсеткішін жақсартып, төртінші орынға ілігеді. Лос – Анжелестегі әлем біріншілігінде де мықтылығын көрсетіп, сегізінші орынмен алғашқы ондықтан табылады. Бұл да жас Денис үшін халықаралық біріншіліктегі жақсы көрсеткіш. Сөйтіп ол екі жолдамаға, 2010 жылғы біріншілік пен Ванкувердегі Олимиадаға қол жеткізіп, Қазақстанды мәнерлеп сырғанау бойынша әлемге әйгілей түсті. Иә, Денис Теннің болашағынан үлкен үміт күтеміз.
К.Көктемұлы.

ПІКІР ЖАЗУ