Мақтанышым Махамбет
Махамбетім, жұртыңның батыры едің,
Қазағыңның жанына жақыны едің.
Тұтастығын жеріңнің сақтап қалдың,
Сен аңсаған көркейіп жатыр елің.
Бірге болды халқымен бір тынысты,
Сөзін тыңдап қасына жұрт ұйысты.
Досыменен сыналды, айырылды,
Нарынқұмның батыры рухы күшті.
Жырау, күйші көтеріліс бастаушы,
Ордаң Бөкей, жалынды жыр растаушы.
Шашақты найза, шалқар күйлі батырым,
Болашаққа сенім мен ой тастаушы.
Елім деген мақтаныш батырымсың,
Еліңе жол көрсеткен ақылың шың.
Сөзі шешен, тілі жүйрік дауылпазым,
Бағаланды жасаған батыл ісің.
Жау мойыны қиылды қылышқа мың,
Түсірмедің туыңды тік ұстадың.
Дұспандарың түрмеге тыққанымен,
Иілмеді ешқашан құрыш тәнің.
Нарындағы нар тұлғалы батырым,
Таң қалдырды тау қопарған батылың.
Күйіменен тебірентіп барлығын,
Ашуға ермей тік көтерген ақылың.
Ерлерімді еске аламын ойланам,
Өр мінезін, өжет жанын бойға алам.
Қызғыш құсқа мұңын айтқан жырменен,
Туылған ер түнек түнде тарғалаң.
Ақшаға, алтынға да, құнықпаған,
Асқақ рух мәрттігіңді ұлықтаған.
Жауына құл болмайтын Махамбетім,
Алланың құлы екенін ұмытпаған.
Мұхаметкерім Арайлым, Жамбыл облысы,
Шу ауданы, Жайсан орта мектебінің 10-сынып оқушысы
Жетекші: Нуралиева Гулнур Газизовна