Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер

Мақал-мәтелдер, нақыл сөздерАс тұрған жерде ауру тұрмайды.
***
Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа қарайды.
***
Асы бар аяқтан аттама.
***
Сыйлап берсе, суын іш.
*** ***
Нан— тамақтың атасы
Ынтымақ — көптің батасы.
***
Ет жемей жатып тұздық,
Асатпай жатып, құлдық.
***
Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.
***
Көмбенің иесі екеу:
Бірі — көрген,
Бірі — көмген.
***
Тойсаң — тәубе қыл.
***
Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең не қалар?!
***
Айға жетпес асыңды
Ауылдастан аяма!
***
Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады.
***
Қазан сапырғанның да буы бар.
***
Үйінде асы жоқтың
Түзінде досы жоқ.
***
Сараңның асы,
Сарқытқа жетпес.
***
Ас жүрген жер — береке,
Жас жүрген жер — мереке.

ПІКІР ЖАЗУ