Мəшһүр ЖҮСІП

3bet_f114Бұлақ көзі
Шығады: «Асыл – тастан, өнер жастан»,
Тəрбие тəуір болса əуел бастан.
Мысалы ғылым таппақ сол секілді:
Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан.
Жігітке талаптанған жүз мың рахмет,
Əрқайда сен білгенің ырзық шашқан.
Жаны ашып нашарларға қызмет етіп,
Салса егер түзу жолға – болса адасқан.
Халық үшін жанын қиып шыққан болса,
Қайырлы əр қадамы болсын басқан!

Мəшһүр Жүсіп мұралары
Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы – заманынан озып туған дара тұлға, көрнекті ақын, шежіреші, қазақтың халық ауыз əдебиеті үлгілерін жалықпай жинап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа шашпай-төкпей жеткізуші, ағарту саласының беделді өкілі, соңына қазыналы мол мұра қалдырған Алаштың біртуар перзенті.
4bet_f17Мəшһүр Жүсіп 1808 жылы Баянауыл топырағында дүниеге келеді. Мəшһүр Жүсіп өсе келе ерте жас-тан білім қуып, алыстарға көз тікті. Ел ішіндегі түрлі жағдайларға құлақ түріп, халықтың қамы үшін қолға алынған талай бастамалардың ұйытқысы болды. Қазақ халқының болашағын болжап, алдағы күннің қамын, елінің жайлы тұрмысы мен жарқын өмірін сөзге қосты, халықты бір мақсатқа үндеді, алға қарай ұмтылуға жігерлендірді, ұлт ретінде ұйымдасуға шақырды.
Діни оқу бітірген. Араб, парсы тілдерін меңгерген. Өз халқының тарихы мен мəдениетін, ұлттық рухани құндылықтарын, этнографиясы мен поэзиясын мейлінше жетік білген. Саналы ғұмырын ағарту саласына арнап,халық мұраларын биік парасат пен терең пайымдылықпен насихаттап, дəріптеп, тер төгіп еңбектену нəтижесінде өз заманының озық үлгідегі мол рухани қазынасын қалдырды.Ол ақындығымен қоса, ел мен жердің тарихын, этнографиясын тереңнен білді.
Баянауыл өңіріне ғана емес, күллі елімізге аты мəлім, халыққа қамқор, ұрпаққа жанашыр, елге қорған Мұса Шорманұлы Мəшһүр Жүсіптің қабілет қарымын жастайынан жазбай танып,оны жоғары бағалаған, келешегінен мол үміт күткен. Дарынды жас балаға Мұса мырзаның өзі «Мəшһүр» деген атауды қосақтағаны тамыры терең тарихтан белгілі. Бұл туралы бір өлеңінде:
Бес жаста «Бісміллə айтып жаздым хатты,
Бұл дүние жастай маған тиді қатты.
Сегізден тоғызға аяқ басқан кезде,
Мұса еді қосақтаған «Мəшһүр» атты», —
деп, ерекше атап өтті.
Мəшһүр Жүсіп 1887-1890 жылдары Орта Азияның Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Түркістан қалаларына сапар шегіп, халықтың тыныс тіршілігіне, мəде-ниеті мен этнографиясына, рухани мұраларына көңіл аударып, тереңнен ден қойды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Мəшһүр Жүсіп қазақ халқының материалдық жəне рухани мəдениетін іздестіріп, зерттейтін ұйымдар мен қоғамдардың жұмысына белсене араласты. Өзінің халықтан жинаған мол мұрасын реттеп, жүйеге түсірді.Сол мұралар бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында іріктеліп, сұрыптал-ған күйде сақтаулы жатыр. Ақынның осы том-том жазбаларының біразы өзі қайтыс болған соң жарияланды. Көзі тірісінде 1907 жылы «Хал-ахуал», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамаша-мыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» атты үш бірдей жинағы жарыққа шығады.
Мəшһүр Жүсіп мұралары 1990 жылдан бастап жан-жақты, терең зерттеуге мүмкіндік ашылды. Бүгінде Павлодар мен күллі республика аумағында Мəшһүр Жүсіптің мұраларын пайымдатуға байланысты іс-шаралар қолға алынған. Павлодар қаласының орталығындағы зəулім мешіт Мəшһүр Жүсіп есімімен аталады. Баянауылдың Есенкелдісінде сəулетті кесене тұрғызылып, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті алдына ескерткіші орнатылған.
Дайындаған:
К. ДҮЙСЕН.

ПІКІР ЖАЗУ