ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР (ОЙЫНДАР)
***
Ең, ең, ең,
Ауыл біздің кең.
Ең, ең, ең,
Қарсыласты жең.
***
Өң, өң, өң,
Биік емес қой дөң.
Алға қарай ұмтылып,
Өрмелегенің жөн.
***
Аң, аң, аң,
Ғажайып екен маң.
Аң, аң, аң,
Атып келеді таң.
***
Ар, ар, ар,
Далада бар қар.
Ер, ер, ер,
Міне, жайлы жер.
***
Ыр, ыр, ыр,
Қызғалдақты қыр!
Ыр, ыр, ыр,
Жатта тақпақ, жыр.
***
Тұр, тұр, тұр,
Кітапқа мойын бұр.
Тр-р, тр-р, трактор,
Трактор жұмыс сұрап тұр.
***
Үн, үн, үн,
Міне жарық күн.
Үн, үн, үн,
Бұл қараңғы түн.
***
Са, Са, Са,
Дыңылдайды маса.
Ра, ра, ра,
Жаттығуды жаса.
***
Аз, аз, аз,
Көлде қоңыр қаз.
Ары-бері жүзеді,
Жағасында саз.
***
ра, ра, ра,
Бұл құмыра.
Құмыраны аламыз,
Ішіне бал саламыз.
***
Ша , ша , ша,
Әйбат Алаша.
Алашада оюлар,
Неткен тамаша!..
***
Таулы орманда маңға,
Шығайық жүр, аңға.
Аңшы болсаң, кәнекей
Ас-суыңды қамда.
***
Мынау, міне, дәрі,
Түсі оның сары.
Іш ауырса ішеді,
Балалардың бәрі.
***
Мынау пальто кең,
Ұзын екен жең.
Басқа бутик қарайын,
Шағын таңдап алайын.
***
Мынау міне, тарақ,
Шашыңды ал тарап.
Қойған дұрыс, балақай,
Айнаға да қарап.
***
Қолға қамшы аламын,
Атқа мініп шабамын.
Мен тісімді жуамын,
Микробтарды қуамын.
***
Рюкзагымды аламын,
Мен бақшаға барамын.
Апайымды тыңдаймын,
Балаларды ұрмаймын.
***
Мен бақшамды сыйлаймын,
Ойыншықты жинаймын.
Тізіп қоям қатарға,
Көмектесем апайға.
***
Кітапқа да қараймын,
Санамақ та санаймын.
Ермексаздар тамаша,
Қызығамын қарасам.
***
Қолда түсті қаламым,
Кейде сурет саламын.
Күні бойы ойнаймыз,
Ойынға біз тоймаймыз.
***
Қолымызда добымыз,
Лақтырамыз оны біз.
Ойын қызық доппенен,
Ойын қызық топпенен.
***
Әткеншекке мінеміз,
Тербелеміз күлеміз.
Тұрмаймыз ғой құр қарап,
Кейде аламыз сырғанап.
***
Қуалаймыз қашамыз,
Шаршамаймыз аса біз.
Түскі үзіліс жатамыз,
Тәтті ұйқыға батамыз.
Зеберкүл Шардарбекова
Алматы қаласы, Жас қанат ықшам ауданы, 1\18 үй